Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Кеңес кезеңіндегі Қазақстанның аграрлық тарихының өзекті мәселелері: билік және қоғам» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның ақпараттық хаты


Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Жас ғалымдар кеңесі 2021 жылғы 25 мамырда сағат 11.00-де  “Кеңес кезеңіндегі Қазақстанның аграрлық тарихының өзекті мәселелері: билік және қоғам” атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Отандық және шетелдік тарихнамадағы аграрлық мәселе бойынша зерттеулердің жеткілікті көлеміне қарамастан, бүгінгі күні кеңестік кезеңде Қазақстандағы ауыл шаруашылығы мен шаруалардың тарихын жаңа әдіснамалық тәсілдер мен тұжырымдамалар тұрғысынан қайта зерттеу жүріп жатыр. Қазақстан тарихындағы кеңестік кезең ауыл шаруашылығының дамуына түбегейлі әсер етті. Қазақстан ауыр өнеркәсіп өнімдерінің базасынан басқа, жалпыодақтық ауыл шаруашылығы саласында елеулі орын алды. Алайда, бұл салада оның дамуын тежейтін көптеген мәселелер жинақталды. Ауыл шаруашылығының ауыр жағдайының себептерінің бірі шаруа әкімшіл-әміршіл жүйенің қыспағында қалды. Ауылшаруашылық өндірісін біріздендіру мақсатында орталық басқару органдары республиканың еңбек бөлінісі мен жан-жақты дамуындағы мүдделерін, аймақтық әлеуетті мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін ескермеді. Елдің біртұтас халық шаруашылығы кешенінің әрекеті жағдайында республиканың орталыққа тәуелділігі күшейе түсті. Конференция AP08052897 “Қазақстанның соғыстан кейінгі онжылдықтағы шаруалары: әлеуметтік трансформация және күнделікті өмір” жобасын іске асыру аясында өткізіледі.

Конференцияның мақсаты – қазақ қоғамының дәстүрлі құрылымының әлеуметтік-экономикалық трансформациясы процесінде билік пен қоғамның өзара қарым-қатынасы контексінде кеңестік кезеңіндегі Қазақстанның аграрлық тарихын зерттеудің өзекті мәселелерін анықтау.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

– Қазақстанның кеңестік аграрлық тарихын зерттеудегі теориялық-әдіснамалық тәсілдердің ерекшеліктері;

–  Кеңестік кезеңдегі Қазақстанның аграрлық тарихы бойынша отандық және шетелдік тарихнаманың өзекті мәселелері;

– Қазақстандағы кеңестік шаруалар тарихы бойынша дерек көздері мен мәселелері;

– ЖЭС және 1921-1922 ж.ж. Қазақстандағы ашаршылық;

– Күштеп ұжымдастыру және шаруа көтерілістері;

– 1931-1933 жылдардағы ашаршылық және қазақ қоныс аударушыларының тағдыры;

– Қазақстандағы 1920-1950 жылдардағы қуғын-сүргіндер мен шаруалар тағдыры;

– соғыстан кейінгі шаруаларды зерттеу, шаруалардың күнделікті өмірін зерттеу ерекшеліктері;

– Қазақстанда тың және тыңайған жерледі игеруді зерттеу мәселесі;

– Қазақстан тарихы бойынша аграрлық мәселенін оқулықтарда көрінісі.

Конференцияның жұмыс тілі: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференцияның өткізілу уақыты: 2021 жылғы 28 қантар, сағат 11:00.

Жұмыс форматы: Zoom базасындағы онлайн конференция (идентификатор: 883 0295 2903, пароль: 518489)

Конференцияға қатысу үшін ғалымдар, қоғам қайраткерлері, докторанттар мен магистранттар шақырылады.

Конференцияға қатысу үшін өтінімдер мен мақалаларды қабылдау 2021 жылдың 20 мамырына дейін жүзеге асырылады. Электрондық нұсқада “Аграрлық тарих” белгісімен bek.alma_81@mail.ru, kali_ainura@mail.ru e-mail почталарына жолданады. Конференция жұмысының қорытындысы бойынша конференция материалдарының электрондық жинағын дайындау жоспарлануда.

Материалдарды рәсімдеуге қойылатын талаптар: мақала көлемі – 10-12 беттен артық емес, Microsoft Word редакторында; шрифті Times New Roman, кегль 12; жоларалық интервал – бір; абзац – 1 см, абзац шегінісі автоматты түрде орнатылады; өрістер: жоғарғы және төменгі – 2, сол – 3, оң – 1,5; автордың аты-жөні, жұмыс орны (ұйым атауы) – оң жақ бұрышта; баяндаманың атауы бас әріптермен төменде қала, ел орталық бойынша орналастырылады. Ғылыми дереккөздерге сілтемелер төртбұрышты жақшада реттік нөмірмен көрсетілуі керек (мысалы, [1, 65-б.]), ескертілуіне қарай, мақала мәтінінің соңында орналастырылған пайдаланылған әдебиеттер тізіміне сәйкес.

Ұйымдастыру комитеті конференция тақырыбына немесе қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін материалдарды қабылдамауға құқылы.

Ұйымдастыру комитетінің байланыстары: 050010, Алматы қ., Шевченко көшесі, 28, ҚР БжҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, М.М. Козыбаева (8777-367-80-83 – ватсап), кіші ғылыми қызметкерлері – Бекенова Алмагул (8705-775-23-93), Закарья Рахметолла (8701-795-17-82).

ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМ

Аты-жөні толығымен
Жұмыс орны, лауазымы
Ғылыми дәрежесі және атағы
Байланыс адресі мен телефоны
e-mail:
Бағыты
Баяндама тақырыбы

Құрметпен, ұйымдастыру комитеті