Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

ҚР Орталық мемлекеттік архивінің жаңа директоры тағайындалды


Институттың жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Шілдебай Сәбит Қамытбекұлы ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Р.Райымқұлованың бұйрығымен «Орталық мемлекеттік архив» РММ-нің директоры болып тағайындалды. Сәбит Қамытбекұлы – 1998 жылы Абай атындағы АлМУ-дың тарих факультетін, 2001 жылы аспирантурасын бітірген. Ол Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ Әкімшілік департаменті Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің жетекші маманы (2002 ж.), Қоғамдық пәндер кафедрасының аға оқытушысы (2002-2006 ж.ж.), доцент міндетін атқарушы (2006-2008 ж.ж.); Абай атындағы ҚазҰПУ доценті міндетін атқарушы (2008-2011 жж.), Магистратура және PhD докторантура институты директорының ғылым және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары (2011-2014 жж.); «Алматы» университетінің деканы (2014-2015 жж.), «Алматы» университетінің ректоры (2015-2017 жж.); Абай атындағы ҚазҰПУ Білім алушыларды қабылдау орталығының директоры (2017-2018 жж.); және де Институттың «ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихы» бөлімінің меңгерушісі (2019 жылдың қаңтарынан) қызметтерін атқарған. 200-ден астам ғылыми еңбектің авторы. 200-ден аса публицистикалық, журналистік зерттеу және саяси сараптама сипатындағы мақаласы ҚР БАҚ-да жарық көрген. М. Әуезов атындағы сыйлықтың (2003 ж.) және ҚР Жастар Одағы «СЕРПЕР» сыйлығының лауреаты (2010 ж.).