Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің отырысына қатысу


2021 ж. 15 сәуірде Институттың жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты А.С. Уалтаева Алматы қ. Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің отырысына қатысып, «Қазақстан халқы» интерактивті ғылыми–тарихи картасының негізгі ақпараттық контенті» тақырыбында баяндама жасады.

Сонымен қатар, ішкі және ұлттық саясат, этникалық және әлеуметтік жанжалдардың алдын алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер үшін практикалық ұсынымдар дайындау бойынша Алматы қаласындағы ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының қызметін жандандыру мәселелері талқыланды.