Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Қазақстанның көрнекті тарихшы-ғалымдары С.Б. Бейсембаев пен Б.С. Сүлейменов (туғанына 100 жыл толуына)


  ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ
Ш.Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2012 жылы 11 желтоқсанда «Қазақстанның көрнекті тарихшы-ғалымдары С.Б. Бейсембаев пен Б.С. Сүлейменов (туғанына 100 жыл толуына)» арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді.Конференцияның негізгі бағыттары:
1. Көрнекті тарихшы-ғалымдардың ғылыми мұрасын зерттеудің теориялық және методологиялық аспектілері.
2. Қазақстан тарихын зерттеудегі тарихшы ғалымдардың орны мен рөлі.

Конференция материалдары жинақ түрінде жарық көреді.
Конференцияға қатысу үшін Ұйымдастыру комитеті адресіне жіберу керек:
1. Ұсынылған форма бойынша өтініш;
2. Мақала мәтіні 5-7 бетке дейінгі көлемде 1 интервалмен қағаз және электронды түрде. Хат тақырыбында көрсету керек: алғашқы автордың аты-жөні – мақала.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс.
МАҚАЛАЛАРДЫ ТАПСЫРУ МЕРЗІМІ – 2012 жылдың 30 қарашасына дейін мына мекен-жайға:
050100, Алматы қ., Шевченко көш., 28.
Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Конференцияның Ұйымдастыру комитеті, төрағасы – Әбжанов Ханкелді Махмұтұлына немесе төраға орынбасары – Смағұлова Светлана Одепқызына.

Байланыс телефоны және факс:
Байланыс телефоны: 8 (727) 261-16-35
Факс: 8(727) 261-67-19
Ресми өтініш пен тезистер (тек қана бекітілген файлда) төмендегі электрондық адрестерге жіберіледі.
kazhistory@bk.ru.

МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
Көлемдері 5-7 бетке дейін, MS WORD редакторында *.doc, *.rtf. нұсқасындағы мақалалар қабылданады. Файлдың аты алғашқы автордың аты-жөнімен сәйкес келуі керек.
Мәтін шрифті «Times New Roman» 14, немесе «KZ Times New Roman» 12.
Шектері: жоғарғы – 2, төменгі – 2, сол жағы – 3, оң жағы – 1 см. Аралық интервал – бір.
Интервал арқылы ортада қарамен белгіленген жазба әріптермен – мақала атауы, оң жақта – ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, автордың аты-жөні, және ұйымның аты жақша ішінде – қала, мемлекет. Кестенің терілуі үшін MS WORD редакторы қолданылады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақала соңында беріледі (нөмірлеу нүктесіз).
Конференцияға тарихшылар, әдебиеттанушылар және отан тарихына қызығушы ғалымдар қатыса алады.
ҚАТЫСУҒА ӨТІНІШ
1 Тегі, аты-жөні (толық)
2 Жұмыс немесе оқу орны (егер студент, магистрант немесе докторант болса, онда міндетті түрде оқу орнының атауы, факультеті және курсы көрсетілуі керек)
3 Ғылыми атағы мен дәрежесі
4 Байланыс телефоны және мекен-жайы
5 E-mail
6 Баяндама тақырыбы