Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 29.10-04.11.2012


29.10.12. Жаңа дәуірдегі Қазақстан тарихы бөлімінің БҒК, т.ғ.д., профессор С.Ф. Мажитов 0079/ГФ «Қазақстанның тәуелсіздігі жолындағы күрес тарихи және әлеуметтік-саяси феномен ретінде (ХVIII-XX ғ. басы)» атты гранттық жобасы негізінде Бішкек қаласынан ғылыми іс-сапардан оралды. Ғылыми іс-сапардың негізгі мақсаты – Қазақстан тарихы және Орта Азия тарихына қатысты, қарастырылып отырған хронологиялық кезеңге сәйкес, тәуелсіздік жолындағы күрес және ұлт-азаттық күрес мәселелеріне байланысты материалдарды жинақтау.

30.10.12. Ғылыми кеңес болып өтті. Күн тәртібіндегі мәселелер: 1) Директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Р.А. Бекназаровтың Қазақстан тарихшылары ТЭИ-ның І Конгрес Шешімінің орындалуы туралы есебі; 2) Сыртқы байланыс жөніндегі директордың орынбасары С.О.Смагулованың халықаралық конференциялардың атқарылуы туралы есебі; 3) Кәсіподақ төрағасы Ш.А. Салимгереева еңбек тәртібі жөніндегі есебі; 4) Түрлі (Х.М. Әбжановтың ҚХР-на және Қорқыт Ата атындағы ҚМУ өткен конференция жөніндегі есебі; С.Е. Әжіғали Якутиядағы ғылыми іс-сапары туралы есебі; С.Ф Мажитовтың Бішкек қаласындағы ғылыми іс-сапары туралы есебі және т.б.).
02.11.12. «Егемен Қазақстан» (№720-721(27793) газетіне Институт директоры т.ғ.д., профессор Х.М. Әбжанов және с.ғ.д., профессор Г.Нұрымбетованың «Оптимистік ой немесе болашақты болжаған кемел еңбек» тақырыбында мақаласы жарық көрді.
02.11.12. «Өскен өңір» (№46 (102) газетіне Халықтану және тарихи тұлғатану бөлімінің БҒК, т.ғ.д., профессор, академик М.А. Асылбековтың «Сот жүйесінің білгірі – ел азаматы» атты мақаласы жарық көрді.
02.11.12. Президент және халық газетіне (№45(375) Халықтану және тарихи тұлғатану бөлімінің ҒК Ж.К. Спабектің «Болашаққа бастаған жол» тақырыбында мақаласы жарияланды.