Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 22-28.10.2012.


24.10.12. Институт директоры т.ғ.д., профессор Х.М. Әбжанов Қазақстан Республикасы және Корея Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнауына 20-жылдығына және корейлердің Орталық Азиядағы мекен етуіне 75 жыл толуына орай өткізілген «Қазақстанның басқару элитасының әлеуметтік портреті: тарихы және бүгінгісі» тақырыбында Халықаралық конференцияда баяндама жасады. Конференция Алматы қаласында Достық үйінде болып өтті.

24.10.12. Этнология және антропология бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.д., профессор С.Е.Әжіғали Якутск қаласында (Саха) Л.Н. Гумилевтің 100 жылдығы және Г.В.Ксенофонтовтың 125 жылдығына орай өткізілген Бүкілресейлік интерпәнаралық «Солтүстік Азия шабандоздары және этностың тууы: этногенез және сахалардың этникалық тарихы» атты Халықаралық ғылыми конференцияда «Древний символ степной Евразии: коновязные столбы (сэрге – кулпытасы – фейфа») тақырыбында баяндама жасады.
24.10.12. Кеңестік дәуірдегі Қазақстан тарихы бөлімінің БҒК т.ғ.д., доцент Қ.С. Алдажұманов Алматы қаласында Республикалық тарихи-ағартушылық «Әділет» қоғамдастығы ұйымдастыруымен, 1937-1938 жж. саяси қуғын-сүргін тарихы мәселесіне арналған Дөңгелек үстелге қатысып, өз ойымен бөлісті.
25.10.12. Этнология және антропология бөлімінің меңгерушісі т.ғ.д., профессор С.Е.Әжіғали Якутск қаласында (Саха) болып өткен «Северные тюрки саха в контексте культурного ландшафта Евразии» атты симпозиумға қатысты.
25.10.12. Ежелгі және ортағасырдағы Қазақстан мен іргелес елдер тарихы бөлімінің БҒК, т.ғ.д. З.Қинаятұлы Институттағы кезекті методологиялық семинарда «Қазақ мемлекеттілігінің дамуы: моңғол ұлыстары кезеңінде» (ХІІІ ғ. басы – ХV ғ. аяғы) тақырыбында өз баяндамасын жасады.
26.10.12. Институт директоры т.ғ.д., профессор Х.М. Әбжанов, Кеңестік дәуірдегі Қазақстан тарихы бөлімінің БҒК, т.ғ.к., доцент Қ.С. Алдажұманов, Ежелгі және ортағасырдағы Қазақстан және іргелес елдер тарихы бөлімінің ЖҒК А.К. Шашаев әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Тарих факультетінде өткен «ҚР Н.Ә. Назарбаевтың «Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құруға арналған бағдарламасынан туындайтын міндеттер» тақырыбында Дөңгелек үстелге қатысты.
27.10.12. Алматы қ. Институт директоры т.ғ.д., профессор Х.М. Әбжанов пен Чунг-анг Университетінің докторы Енг Ши Чу және Таехюн, сонымен бірге Солтүстік-шығыс Азия тарихы қорының докторы (Сеул/Корея) Хонг Муеон-кейлермен кездесу болды, кездесу барысында ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша ынтымақтастық жөнінде мәселелер қарастырылды.