Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Ақпараттық-қатынас технологияларының мүмкіндіктері мен Отан тарихының мәселелері


2012 жылдың 12 желтоқсанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де «Ақпараттық-қатынас технологияларының мүмкіндіктері мен Отан тарихының мәселелері» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізіледі.

Конференцияның басты мақсаты: тарих саласындағы жаңа теориялық және қолданбалы нәтижелерді талдау және заманауи ақпараттық және инновациялық технологияларға кіріктіруді қолдану.
 Конференция аясында төмендегідей сауалдарды қарастыру жоспарланған:
1.      Интернет ресурстар мен Отан тарихының өзекті мәселелері.
2.      Отан тарихының беттерін ақпараттық-қатынас технологияларында сәулелендіру сауалдары.
3.      Ақпараттық-қатынас технологиялар материалдарын оқу үрдісінде пайдалану мәселелері.
4.      Интерактивті мұрағат және ақпараттық қоғамдағы құжат.
Баяндамалар мен хабарламалар тақырыптары Қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы, саясаттану, этнология, археология, деректану және тарихнама  бойынша кең ауқымды мәселелерді қамти алады.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын.
Баяндамаларды рәсімдеуге қойылатын талаптар: үстіңгі, астыңғы, оң жақ жиектер – 2 см, сол жақ жиек – 3 см; шрифт – 14 кегль, Times New Roman гарнитурасында, мәтін аралық қашықтың 1,0 пт интервал бойынша теріліп, көлемі А-4 форматының 5 бетінен аспауы шарт. Беттің үстіңгі жағында қалыңдатылған әріппен автордың тегі және аты-жөні, оның астында оқу немесе жұмыс орны, дәрежесі, мекеменің орналасқан жері көрсетіледі. Содан бір аралықтан кейін бас әріптермен баяндаманың аты, одан бір аралықтан кейін мәтін берілуі керек.
Беттерге номер қойылмайды. Сілтемелер төртбұрышты жақша ішінде беріліп, онда еңбектің реттік номері, беті көрсетіледі. Мақала соңында қолданылған әдебиеттер сілтемелік рет бойынша. Библиографиялық сипаттама әдебиет туралы толық мағлұматты қамтуы шарт.
Материалдар ұқыпты тексерілген және баяндамаларды рәсімдеуге қойылатын талаптарға дәлме-дәл сәйкес болуы керек. Конференция тақырыбы мен баяндама рәсімдеудің талаптарына сәйкес келмейтін, сонымен қатар көрсетілген уақыттан кейін жіберілген материалдар Ұйымдастыру алқасының шешімімен жинаққа енгізілмейді. Мақаланың мазмұндық сапасына автор жауап береді.
Конференцияға қатысушылардың баяндамалары конференция материалдарының жинағында жарияланады. Мақала баспа үшін 2012 жылғы 30 қарашаға дейін жоғарыдағы талаптар сақталып, ұйымдастыру алқасына мына электронды адрестер бойынша тапсырылуы керек: dosbol_bs@mail.ru немесеako-79@mail.ru
Ұйымдастыру алқасының мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, тарих, археология және этнология факультеті.
Өткізілетін іс-шараға байланысты туындайтын сұрақтар мен ұсыныс-тілектеріңізді төмендегі байланыстар арқылы білдіре аласыздар: Уразбаева  Ақжамал  Машрупқызы, жұмыс тел.: +7 (727) 377-33-38, ішкі 12-87 (Қазақстан тарихы кафедрасы), ұялы тел.: +7 707-830-78-00;  Байгунаков Досбол Сүлейменұлы, +7-775-296-08-80.