«Қазақ АКСР-ындағы жұқпалы аурулар мен індеттерге қарсы күрес: тарихы және тәжірибесі» атты дөңгелек столдың ақпараттық хаты

2021 жылдың 31 мамырында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым Комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты «Қазақ АКСР-ындағы жұқпалы аурулар мен індеттерге қарсы күрес: тарихы және тәжірибесі» атты тақырып бойынша өтетін дөңгелек үстелге қатысуға шақырады!

Дөңгелек үстелдің мақсаты – ғылыми айналымға тартылмаған тың архив құжаттары мен деректерінің негізінде 1920-1936 жылдары Қазақстан аумағында кең таралған жұқпалы аурулар мен індеттерге қарсы билік органдары мен денсаулық сақтау ұйымдары жүргізген күрес тәжірибесін талдау арқылы қазақ ұлтының тек қорына тигізген зардабы мен салдарын анықтау.

ЖТН АР08957129 «Қазақстандағы жұқпалы аурулар мен індеттерге қарсы күрес тарихы (1920-1936)» атты жобаның күнтізбелік жоспарына сәйкес өтетін дөңгелек үстелде төмендегідей тақырыптарда баяндамалар жасалады:

1. «ХХ ғасырдың алғашқы үш онжылдығындағы Қазақстандағы індеттерге қарсы күрес» – Көкебаева Гүлжаухар Кәкенқызы, т.ғ.д., профессор Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бөлім меңгерушісі, жобаның орындаушысы.

2. «Қазақ өлкелік санитарлық-бактериологиялық институтының жұқпалы аурулар мен індеттерге қарсы күрестегі тарихи рөлі» – Шілдебай Сәбит Қамытбекұлы, т.ғ.к., Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивінің директоры, жобаның ғылыми жетекшісі.

3. «1931-1933 жылдардағы ашаршылық кезіндегі Қазақ КСР Денсаулық сақтау халық комиссариатының қызметі» – Жүнісбаев Алмас Әбдіғаниұлы, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкері, жобаның орындаушысы.

Дөңгелек үстел жұмысына Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география институты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Манапов Нұрлан Тұрсынбекұлы бастаған студенттер мен магистранттар арнайы қатысады.

Басталуы: сағат 16:00.

Zoom арқылы конференцияға қосылу:

https://us02web.zoom.us/j/89241985507?pwd=L0VQUXNQN0NSam02emFYSnd6SUZmUT09

Конференция идентификаторы: 892 4198 5507

Қосылу коды: 483463

Дөңгелек үстелге қатысып, пікір білдіруге шақырамыз.

Анықтаманы және қосымша ақпаратты мына телефон бойынша алуға болады:

+7 (701) 765-27-06 (Whatsapp) – Шілдебай Сәбит Камытбекұлы, жоба жетекшісі.

 

Құрметпен, Ұйымдастыру комитеті