Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Ұлық Ұлыс – Алтын Орда: бастаулары, тарихы және мұрасы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті


2021 ж. 28 мамырда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым Комитетінің қолдауымен «Ұлық Ұлыс – Алтын Орда: бастаулары, тарихы және мұрасы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді. Ұйымдастырушылар ретінде Л.Н. Гумилев ат. Еуразия ұлттық университеті, әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университеті, Мемлекет тарихы институты және Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты болды. Іс-шара келесі бағыттар бойынша өтті: еуразиялық кеңістіктің мемлекеттер қалыптасуындағы Ұлық Ұлыстың рөлі; Ұлы даланың ұлы есімдері; Түркі, парсы, кавказ ауқымының өзара байланысы және орта ғасырлар мен жаңа дәуірдегі славян әлемдері; Ұлық Ұлыс – Алтын Орданы зерттеуіндегі жаңа деректер мен жаңа әдістеме. Конференция жұмысына шетелдік және қазақстандық ғалымдар, Алтын Орда кезеңінің мамандары, жоғары оқу орындарының оқытушылары, докторанттар мен магистранттар, сонымен қатар БАҚ өкілдері қатысты. Модератор ретінде ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының директоры, т.ғ.д., профессор Е.А. Әбіл болды. Құттықтау сөзін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Д.А. Абаев сөйледі.

Іс-шара барысында келесі қатысушылар баяндама жасады: Л.Н. Гумилев ат. Еуразия ұлттық университетінің профессоры, т.ғ.д. А.Қ. Кушкумбаев – «ХХ ғ. қазақстандық тарихнамадағы Алтын Орда»; Татарстан Республикасы Ғылым академиясының Ш. Марджани ат. Тарих институты директорының орынбасары, п.ғ.к. М.М. Гибатдинов – «2000-жж. Татарстандағы Алтын Орда тарихын зерттеуі»; Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, т.ғ.д. Б.Е. Көмеков – «Алтын Орда тарихын зерттеудің тұжырымдамалық негіздері»; Қырғызстанның Ішкі істер министрлігі Дипломатиялық академиясының проректоры, т.ғ.д., профессор З.К. Курманов – «Қырғыздар мен Моғолстан: мәселенің зерттелуі жөнінде»; ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының бас ғылыми қызметкері, PhD Ж.М. Сабитов – «Жами-ат Тауарих» Жошы ұлысының тарихы бойынша дерек ретінде»; Ресей ғылым академиясы Ғылыми ақпарат институтының профессоры, т.ғ.д. И.В. Зайцев – «Қырымның татар сұлтандарының тарихы» парсы қолжазбалары: мәтіннің шығу тегі»; ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары, т.ғ.д., профессор Б.Г. Аяған – «Орталық Азиядағы Шайбанидтер әулеті. Мұхаммед Шахбахттың тағдыры» және т.б. Сонымен қатар, баяндамашы ретінде Институт директоры, т.ғ.д., профессор ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі З.Е. Қабылдинов қатысты.