«Алаш және ашаршылық қасіреті: себептері мен салдарлары» атты Халықаралық ғылыми конференция өтті

2021 ж. 31 мамырда Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Институт және «Ақ жол» демократиялық партиясы мен «Алаш» мәдениет және рухани даму институты бірлесіп «Алаш және ашаршылық қасіреті: себептері мен салдарлары» атты Халықаралық ғылыми конференция өткізді. Модератор ретінде ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, ф.ғ.д. А.Ж. Шәріп болды.

Институт директоры, т.ғ.д., профессор ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі З.Е. Қабылдинов кіріспе сөзін және «Ақмола өңіріндегі 1921-1922 жж. ашаршылық және оны зерттеудің жаңа бағыттары» тақырыпқа баяндама жасады. Сонымен қатар, келесі баяндамалар тыңдалды: Сергейчук В.И., Тарас Шевченко ат. Киев ұлттық университеті әлем украиндары кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д., профессор – «1932-1933 жж. Ашаршылықты зерттеуге қатысты жаңа көзқарастар»; Аблажей Н.Н., Ресей Ғылым академиясы Сібір бөлімшесі Тарих институтының жетекші ғылыми қызметкері, т.ғ.д. – «1930 жж. басындағы ашаршылықтың Қазақстанға тигізген эмиграциялық зардаптары»; И.Арабаев ат. Қырғыз мемлекеттік университетінің доценті, т.ғ.к., «Тарихи мирас» журналының бас редакторы – «Қазақстандағы ашаршылық: қырғыз халқының бауырластық көмегі»; Л.Н. Гумилев ат. Еуразия ұлттық университетінің проректоры, ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д., профессор – «Жүсіпбек Аймауытов және аштық қасіреті» және т.б.

Конференция аясында «Әулие Ата өңіріндегі ашаршылық» (құраст. Т.Байқұлов) және «Сұлтанбек Қожанұлы: Таңдамалы шығармалар. Архив құжаттары» (құраст. Х.Тұрсұн, А.Шәріп) кітаптарының таныстырылымы болды.