Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Смағұл Сәдуақасов белгілі қоғам қайраткері және ағартушы» атты республикалық онлайн дөңгелек үстелдің ақпараттық хаты


Құрметті әріптестер!

2021 жылдың 11 маусымында сағат 11.00-де ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты «Смағұл Сәдуақасұлының мемлекеттік, қоғамдық және ғылыми-педагогикалық қызметі (жаңа архив және жазба деректер негізінде)» жобасы аясында «Смағұл Сәдуақасов белгілі қоғам қайраткері және ағартушы» атты республикалық дөңгелек үстел өткізеді.

Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты Смағұл Сәдуақасұлының мемлекеттік, қоғамдық және ғылыми-педагогикалық қызметіндегі ұлттық құндылықтардың әлеуметтік маңыздылығы мен басымдылығын сараптау. Қазақ автономиясы көшбасшыларының бірі С. Сәдуақасовтың саяси портретін қарауға мүмкіндік беріліп, тарихнама мен зерттеу әдістемесі мәселелері де назардан тыс қалмайды. Дөңгелек үстелге атақты тарихшылар, қоғамтанушылар, саясаттанушылар, әлеуметтанушылар, архивтанушылар, әдебиеттанушылар және Қазақстан тарихының ХХ ғасырдың 1920-30 жылдары бойынша қызығушылық танытатын барлық отандастар қатысады.

 

Дөңгелек үстел жұмысының негізгі бағыттары:

 

  • Смағұл Сәдуақасұлының мемлекеттік қызметі;
  • Смағұл Сәдуақасұлының қоғамдық қызметі;
  • Смағұл Сәдуақасұлының зерттеушілік және ғылыми-педагогикалық қызметі;
  • Қазақстанның мемлекеттілік тарихын зерттеудегі жазба және архив деректерінің орны мен рөлі;
  • Қазақ автономиясының көшбасшылары мен саяси қуғын-сүргін;
  • Қазақ автономиясының тарихи кезеңінің маңызы және Смағұл Сәдуақасұлының Отан тарихына жаңа әдіснамалық тұрғыдағы үлесі.

Смағұл Сәдуақасұлының ғылыми және публисцистикалық мұрасына қызығушылық танытқан барлық қатысамын деушілерді дөңгелек үстел жұмысына шақырамыз.

Дөңгелек үстел қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Іс-шара онлайн режимінде Zoom бағдарламасының платформасында өткізіледі (идентификатор: 871 0845 0669 пароль: 672663)

 Республикалық дөңгелек үстел жұмысына қатысу үшін өтініштеріңізді 2021 жылдың 8 маусымына дейін төмендегі адреске жіберулеріңізді өтінеміз:  Тарихнама, деректану және заманауи методология бөлімі, Байжуманова Замзагуль Бекежанқызы, ғылыми қызметкер, e-mail.: b.zamzagul75@mail.ru  Байланыс телефондары: тел.: +7(727) 261-67-19, факс.: +7(727) 261-67-19, 87471568382

 

 ҚАТЫСУҒА ӨТІНІШ

Аты-жөні (толық) _________________________________________________________

Ғылыми дәрежесі (ғылыми атағы): __________________________________________

Лауызымы: ______________________________________________________________

Ұйымның толық атауы: ____________________________________________________

Байланыс телефондары, факс.: _____________________________________________

Е-mail.: __________________________________________________________________

Баяндаманың тақырыбы____________________________________________________

Түйін сөздері______________________________________________________________

Қысқаша аннотациясы (250 сөзге дейін)______________________________________

 

Идентификатор: 871 0845 0669 пароль: 672663

Дөңгелек үстелдің басталуы: сағат 11:00

Байланыс телефондары: +7(727) 261-67-19, 8 7471568382, факс: +7(727) 261-67-19.

E-mail: b.zamzagul75@mail.ru

 

 

Құрметпен, Ұйымдастыру комитеті