Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Институт директоры ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың Алғыс хатына ие болды


2021 жылдың 24 маусымында Институт директоры т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Қабылдинов Зиябек Ермұханұлы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Алғыс хатына ие болды. Қазақстан Республикасының Президенті Алғыс хатында Халқымыздың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық және дала данышпаны, әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойларына арналған іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге қосқан үлкен үлесі үшін алғысын білдіріп, тәуелсіз Отанымызды өркендету жолындағы қызметіңізге толайым табыс тілейді. Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ұжымы Зиябек Ермұханұлын шын жүректен құттықтап, мықты денсаулық, ғылыми және кәсіби қызметтегі шығармашылық идеялардың жүзеге асырылуын, ең батыл жобаларды жүзеге асыруда сәттілік, үлкен мақсаттарға жету жолында шешімділік, оптимизм мен амандық тіледі.