Мәскеу (Ресей Федерациясы) қаласына ғылыми іс-сапар туралы

ЖҒҚ, т.ғ.к. Қаипбаева Айнагүл Толғанбайқызының «ХХ ғасырдың 20-30-жж. дәстүрлі қазақ қоғамын жаңғырту саясатындағы зайырлы білім беру мен ағарту жүйесі» тақырыбындағы ғылыми жоба бойынша Мәскеу (Ресей Федерациясы) қаласына ғылыми іс-сапары туралы қысқаша ақпарат.

Ағымдағы жылдың маусым айының 8-21-і аралығында аталған жоба аясындағы күнтізбелік жоспар бойынша Москва қаласына (РФ) іс-сапар орындалды. Іс-шара барысында Ресей Федерациясының Мемлекеттік Архиві (РФ МА) (ГАРФ), Ресей мемлекеттік қазіргі заман тарихы архиві (Российский государственный архив новейшей истории, РГАНИ), Ресей Мемлекеттік әлеуметтік-саяси тарихы архивінде (Российский государственный архив социально-политической истории (РГАСПИ)) жаңа және аз зерттелген құжаттарды анықтау және ғылыми айналымға енгізу бойынша жұмыс жасалды. Сондай-ақ, В.И. Ленин атындағы Ресей мемлекеттік кітапханасында бірқатар кітаптар қаралды және сканерленді.

Сонымен қатар, Ресейдегі тарихшы ғалымдармен кездесу, тәжірибе алмасу аясындағы шаралар да назарға алынды. Т.ғ.д., профессор Дина Аманжоловамен кездесіп, құнды кеңестер мен ғылыми ізденістер бойынша бағыт бағдар беру жолында пікір алыстық. Кездесу барысында ғалымға Институт атынан «Ұлы даланың тарихы мен мәдениеті» атты бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобасы аясында жарияланған архив материалдарының жинағы сыйға тартылды.

Ресей Мемлекеттік әлеуметтік-саяси тарихы архивіне институтта даярланған келесі еңбектер тарту етілді: Из истории Великой степи (последняя четверть ХVIII в.) Сборник документов / род ред. З.Е. Кабульдинова. Сост.: В.А. Сирик. – Алматы: “Литера-М”, 2020. – 544 с.; Инкорпорированные и внежузовые группы в составе казахов (ХVIII – начало ХХ вв.): коллект. монография. / Абиль Е.А., Исин А.И., Калшабаева Б.К. и др. под ред. Смагулова Б.К. – Алматы: Изд-во ИП “Базарбаева”, 2020. – 416 с.