Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Академик М.Қ. Қозыбаев және отандық тарихтың заманауи концептуализациясы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның ақпараттық хаты


2021 жылдың 16 қарашасында ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты көрнекті тарихшы-ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақстан ҒА академигі, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы және ҚР Мемлекеттік сыйлықтың иегері Манаш Қабашұлы Қозыбаевтың туғанына 90 жыл толуына орай «Академик М.Қ. Қозыбаев және отандық тарихтың заманауи концептуализациясы» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференциясын өткізеді.

Манаш Қабашұлы Қозыбаев 1931 жылы 16 қарашада Қостанай облысы Меңдіқара ауданының Тазкөл ауылында дүниеге келген. 1953 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін үздік тәмәмдаған. 1953-1958 жылдары Қостанай педагогикалық институтында оқытушы болып еңбек жолын бастаған. 1958 жылдың жазында Манаш Қабашұлын Қазақстан Компартиясы ОК жанындағы марксизм-ленинизм институтына жұмысқа шақырады. Мұнда ол 1974 жылға дейін аға ғылыми қызметкер, ғылыми хатшы және партия құрылысы секторының меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1971 жылы Қазақ КСР ҒА Төралқасы ғалымға Ш.Уәлиханов атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атағын берді. 1973 жылы тарихи-партиялық ғылымды дамытудағы жетістіктері үшін Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Манаш Қабашұлы 1974-1980 жылдары Алматы малдәрігерлік институтында, кейіннен С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дың жанындағы Қоғамдық ғылымдар пәндері оқытушыларының біліктілігін жетілдіру институтында кафедра меңгерушісі қызметін атқарды. Қозыбаев 1980-1986 жылдары Қазақ совет энциклопедиясының бас редакторы болды. 1986-1988 жылдары Манаш Қабашұлы Кеңестік Қазақстанның тарихнама бөлімінің меңгерушісі, ал 1988 жылдан 2002 жылдың қаңтарына дейін, яғни өмірінің соңына дейін Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры қызметін атқарды. 1989 жылы ғалым Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі болып сайланды. 1990-1993 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің, кейін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің халық депутаты болып сайланды. 1995 жылы Манаш Қабашұлы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығына, ал 1997 жылы Президенттің бейбітшілік және рухани келісім сыйлығына ие болды. 2001 жылы «Парасат» орденімен марапатталды.

М. Қозыбаев – 800 ғылыми, ғылыми-публицистикалық еңбектердің, соның ішінде 30 монография (олардың 18-і бірлескен авторлықпен), 50-ден астам ұжымдық, оның ішінде Қазақстан тарихының әдіснама, тарихнама және деректану, халықтың тарихи санасын қалыптастыру мәселелері жөніндегі көп томдық еңбектердің, оқулықтар мен оқу құралдарының авторы. Оның шәкірттерінің арасында Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Ресейдің көрнекті ғалымдары бар.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

  • Академик М. Қозыбаевтың замандастары мен шәкірттерінің естеліктері;
  • Қазақстан тарихының теориялық-методологиялық мәселелері;
  • Қазақстанның жаңа заман тарихының мәселелері;
  • ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихының өзекті мәселелері;
  • Қазақстанның қазіргі тарихын зерттеу;
  • Қазақстан тарихының жаңа академиялық басылымын дайындау.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс.

Қатысу нысаны: офлайн және онлайн форматта (идентификатор: 846 6328 6772, пароль: 076757)

Конференция мақалаларының жинағын шығару жоспарлануда.

Конференция аясында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Тарихнама, деректану және заманауи методология бөлімінде академик Манаш Қозыбаев атындағы мемориалдық кабинеттің ашылуы жоспарлануда. 

Конференция жұмысына қатысу үшін ұйымдастыру комитетінің мекен-жайына келесі материалдарды жіберулеріңізді сұраймыз:

1. Үлгі бойынша өтініш.

2. Баяндама мәтіні.

Мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар: көлемі 5-тен 10 бетке дейін, MS WORD редакторы *.doc, *.RTF, шрифт Times New Roman”, кегль 14, шекаралары: жоғарғы – 2, төменгі – 2, сол – 3, оң – 1 см, жоларалық интервал – бір (бір аралық). Интервал арқылы ортасында жартылай қалың қаріппен кіші әріптермен – мақала атауы, оң жақта автордың аты – жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы және ұйымның атауы, жақшада-қала, ел. Мақалада сілтемелер беттері көрсетілген төртбұрышты жақшалармен рәсімделеді (мысалы, [1, 17-бет.]). Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақаланың соңында көрсетіледі. Сөйлемнің соңында сілтемеден кейін нүкте қойылады. Кестелер MS WORD редакторында теріледі. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақаланың соңында көрсетіледі (нөмірлеу нүктесіз). Файлдың атауы бірінші автордың аты-жөнімен сәйкес келуі керек.

Конференция мақалаларының жинағын шығару жоспарлануда.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс.

Мақалаларды тапсыру мерзімі: 2021 жылдың 25 қыркүйегіне дейін.

Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы және байланыс телефондары: 050010 Алматы қ., Шевченко к-сі, 28, ҚР БҒМ Ғылым комитеті Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, тел.: 8 (727) 261-67-19, 8 (727) 272-47-59 (Тарихнама, деректану және қазіргі заманғы әдіснама бөлімі); е-mail: kazhistory@bk.ru; Aina__78@mail.ru

Өтетін орны: Алматы қаласы, Шевченко көшесі 28, Ғылым Ордасы. Кіші конференц-зал. Басталуы: сағат 10.00.

Өтініш үлгісі

Аты-жөні (толық)
Ғылыми дәрежесі (ғылыми атағы)
Қызмет орны, лауазымы
Автордың мекен-жайы
Байланыс телефоны, факс, е-mail
Конференция бағыты
Мақаланың тақырыбы, қысқаша аннотациясы

Құрметпен, ұйымдастыру комитеті