Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Тоқтамыс хан» фильмінің сценарийі талқыланды


2021 жылы 15 шілде күні Институтта болашақ «Тоқтамыс хан» фильмінің сценарийі талқыланды. Талқылауға мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Ақан Жылқышыбайұлы Абдуалиев, Институт директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Зиябек Ермұханұлы Қабылдинов, «ТҰКҒО» КЕАҚ Басқарма Төрағасы, жұмыс тобының хатшысы Есетжан Мұратұлы Қосубаев, Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Еркін Аманжолұлы Әбіл, Астана Халықаралық университетінің Әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар Жоғары мектебі, философия докторы (PhD) Сәбитов Жақсылық Мұратұлы, Л.Н. Гумилев ЕҰУ тарих ғылымдарының докторы, Кушкумбаев Айболат Кайрслямоұлы, Халықаралық Түркі академиясының аға сарапшысы, Нәпіл Базылхан, «Алтын Орда (Ұлы Ұлыс)» киноэпопеясының режиссері Әбдірашов Рүстем Жарасқанұлы, «Алтын Орда (Ұлы Ұлыс)» киноэпопеясының көркемдік жетекшісі Смағұл Елубай, «ҰКЖМО» КЕАҚ бас продюсері, Асенов Арман Тұрсынбайұлы, , «ҰКЖМО» КЕАҚ сараптамалық кеңесінің мүшесі, сценарист, ЗЕМЕЛЬ Геннадий Фритцович, ресейлік тарихшы, доктор тарих ғылымдарының Бобров Леонид Александрович және т.б. қатысты.  Кездесу барысында Тоқтамыстың өмірі мен Едіге, Мамай және Әмір Темірмен қарым-қатынасы, оның жорықтары мен сіңірген еңбегі, оның саясаты, әскері және т.б. талқыланды. Талқылау соңында фильмнің сценарийіне қосымшалар еңгізу және болашақ кездесулер туралы шешім қабылданды.