Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Жұмабай Шаяхметов – белгілі мемлекеттік және қоғамдық қызметкер» атты республикалық ғылыми – теориялық конференцияның ақпараттық хаты


БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2021 ж. 16 қыркүйек  күні сағат 11:00-де «Жұмабай Шаяхметов – белгілі мемлекеттік және қоғамдық қызметкер» атты республикалық ғылыми – теориялық конференция өткізеді.

Республикалық ғылыми конференция мақсаты:

– ғылыми зерттеулер саласында тәжірибе алмасу және кеңес кезеңіндегі Қазақстан тарихын зерттеу бағытында орын алған жаңа жетістіктер нәтижелерімен бөлісу;

  – кеңес кезеңіндегі Қазақстан тарихына қатысты  аз зерттелген мәселелерге қатысты пікрталас жүргізу;

– Қазақ КСР басшыларының лауазымындағы қазақ халқының өкілдерінің қызметін және олардың қоғамды жаңарту жөніндегі кеңестік жобаларды жүзеге асырудағы рөлін зерттеу;

– Қазақстан тарихының кеңестік кезеңіндегі Жұмабай Шаяхметовтың тұлға және мемлекет қайраткері ретінде өмірінің негізгі кезеңдерін талқылау.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

– Қазақстанның кеңестік тарихын кезеңдеу: теориялық және әдістемелік саланың мәселелері

– Кеңес уақытындағы Қазақ КСР-інде партиялық-мемлекеттік аппараттың қалыптасу ерекшеліктері

– 1930-1950 жылдардағы Қазақ КСР-індегі партиялық және мемлекеттік құрылыс мәселелері

– Кеңестік Қазақстанның партия және мемлекет қайраткерлерін зерттеудің дерекнамасы

– Жұмабай Шаяхметов қызмет еткен жылдарындағы заман және адамдар

– 1930-1950 жылдардағы Қазақстан халқының қалыптасуы: республика басшылығының рөлі

– Жұмабай Шаяхметов Қазақ КСР-нің басшысы ретінде (Оңтүстік Қазақстан облыстық партия комитетінің үшінші хатшысы, екінші хатшысы, бірінші хатшысы, бірінші хатшысы)

– Кеңес дәуіріндегі мәдениет, ғылым және идеология (1930-1950 жж.): Догмалар мен бостандықты іздеу аралығы

– Кеңестік Қазақстандағы 1930-1950 жылдардағы социализмнің саяси экономикасы: орталық пен республиканың мүдделері

– Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан

– Шаяхметов Ж.Және Н.Хрущев кезіндегі биліктің транзиті

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс.

Өткізу формасы: Іс-шара офлайн және онлайн – форматта Zoom платформасы арқылы өткізіледі (конференция идентификаторы: 879 0704 6119, пароль: 506261, https://us02web.zoom.us/j/87907046119?pwd=QlZRVVlxWWdwaHJpQzN1MVYvNW0ydz09 ).

Қатысушыларды тіркеу Алматы қ., уақытымен сағ. 10.30, конференцияның басталу уақыты: сағ. 11.00.

Конференцияға қатысу үшін 2021 ж. қыркүйек айының 05 дейін өтінімдерді жіберу қажет (төменде қосымшада ретінде көрсетілген реттілікте).

Ұсынылатын материалдар келесідей реттілікте рәсімделуі қажет:   

1. Тіркеу формасы және баяндама мәтіні (конференция тақырыбы шеңберінде және 4-тен 10 бетке дейін көлемде) MS Word мәтіндік редакторында терілуі керек; жіберілетін файл автордың (лардың) атымен аталуы керек.

2. Парақтың форматы: A4, қаріп: Times New Roman, KZ Times New Roman, өлшемі – 12, жоғарғы және төменгі жиектер – 2 см, оң жақта – 1 см, сол жақта – 3 см, жолдар аралығы – бір, қызыл сызық шегі: 0,95.

3. Алдымен, баяндаманың тақырыбы теріледі: жоғарыдан ортасына дейін,  БАС ӘРІППЕН (ҚАЛЫҢ ҚАРАППЕН).

4. Баяндама тақырыбының астында, қалыпты әріптермен ортасына (қалың қараппен), автор (лар), ғылыми дәреже, атақ (бар болса) жазылады.

5. Төменде автор (лар) жұмыс жасайтын мекеменің толық атауы, атқаратын қызметі көрсетіледі.

6. Төменде, бір кеңістікте баяндама (мақала) мәтіні беріледі.

7. Әдебиеттер мен дереккөздердің тізімі мақаланың соңында орналастырылады және мәтінде көрсетілгендей құрастырылады. Сілтемелер төртбұрышты жақшаға бастапқы парақты көрсететін тізім нөмірі ретінде форматталады, мысалы: [6, б. 2].

8. Барлық суреттер мен фотосуреттерде тақырып, жақсы сапалы, кемінде 300 нүкте /дюйм болуы және jpeg форматында кірістірілуі керек.

Материалдарды басылымға сұрыптау жұмыстарын конференцияның ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады.

Өтініштер мен материалдар электронды түрде төмендегі электронды адрестерге жіберілуі керек: kazhistory@bk.ru,  didarkassymova87@gmail.com.    

 

Ұйымдастыру комитетінің байланыс телефондары және адресі: 050100, Алматы қ., Шевченко көш., 28, «Ғылым ордасы», Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, e-mail: kazhistory@bk.ru,  didarkassymova87@gmail.com. тел. +77075008183 (моб.) Касымова Дидар Бейсенгалиевна.

 

Құрметпен, ұйымдастыру комитеті

«Жұмабай Шаяхметов – белгілі мемлекеттік және қоғамдық қызметкер»

атты республикалық  ғылыми-теориялық конференциясына

қатысушыны тіркеу формасы

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 16 қыркүйек 2021 ж.

Аты-жөні (толық)
Ғылыми дәрежесі (ғылыми атағы)
Жұмыс орны, ұйымның толық атауы
Қала, мемлекет
Пошта адрес, телефон
E-mail (міндетті түрде)
Баяндаманың (мақаланың) атауы
Баяндама жасау үшін қажет техникалық құралдар

Баяндама мәтінін рәсімдеу үлгісі

 

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 1920-1930 ЖЫЛДАРДАҒЫ ХАЛЫҚ АҒАРТУ КОМИССАРИАТЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ АРХИВ ДЕРЕКТЕРІ

Мұхатова О.Х., т.ғ.д.

Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, бас ғылыми қызметкер

Павлодар педагогикалық университетінің доценті

Алматы қ., Қазақстан. 

Баяндама мәтіні, баяндама мәтіні, баяндама мәтіні.

  

Пайдаланылған әдебиеттер мен дереккөздері тізімі:

1 Зиманов С., Жаулетова С., Исмагулов М. Казахский революционный комитет. – Алма-Ата: Наука, 1981. – 196 с.

2 Байтова А. Инновационно-технологическое развитие – ключевой фактор повышения конкурентоспособности // Казахстанская правда. – 2009. – № 269. – 28 июля.