Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Орынбор қ. ғылыми іссапар


2021 жылдың 18-28 шілде аралығында СТН АР09261139 «Смағұл Сәдуақасұлының мемлекеттік, қоғамдық және ғылыми-педагогикалық қызметі» (жаңа мұрағат және жазба дереккөздер негізінде) жобасының орындаушылары Жетекші ғылыми қызметкер Г.К. Мұқанова мен Ғылыми қызметкер З.Б. Байжұманова Орынбор мемлекеттік әлеуметтік-саяси тарих мұрағатында және Н.К. Крупская атындағы Орынбор әмбебап кітапханасында, Орынбор тарихи мұражайы, Тарихи-өлкетану мұражайы қорларында жұмыс істеді.

Ғылыми іссапар барысында жоба тақырыбы бойынша Орынбор мемлекеттік әлеуметтік-саяси тарих мұрағатындағы көптеген қор тізімдемелері мен істері қарастырылып, қолжетімді материалдардың скан-көшірмелеріне тапсырыс берілді, тақырыпқа байланысты естелік орындардың мекенжайлары сәйкестендірілді.

Н.К. Курпская атындағы Орынбор әмбебап кітапханасындағы электронды және дәстүрлі каталогтардан, 1920-1925 жылдар шеңберіндегі кітаптар мен журналдарға тапсырыс берілді.

Іссапар нәтижесінде Қазобком мен ҚазЦИК, Акцент, Мемлекеттік жоспарлау комиссиясы мен Халық комиссариаты қызметіне байланысты сирек кездесетін жазбаша құжаттар, соның ішінде С. Сәдуақасовтың белгісіз басылымдары, «Ұшқын», қазақ мерзімді басылымдарына жазылу түбіртектері және т.б. материалдар табылады.

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Орынбор бөлімшесінің белсенділерімен, ақсақалдарымен кездесулер өткізіліп, тарихи кітаптар сыйға тартылды.