Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласын іс жүзінде жүзеге асыру аясында шетелдік аудитория үшін Қазақстанның қысқаша тарихын әзірлеудің өзектілігі» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференцияның ақпараттық хаты


ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Сіздерді «Шетелдік аудитория үшін Қазақстанның қысқаша тарихын әзірлеу» мемлекеттік тапсырма мен бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың ғылыми жобасын орындау шеңберінде 2021 жылғы 28 қыркүйекте ұйымдастырылатын «Қ.-Ж.К. Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласын іс жүзінде жүзеге асыру аясында шетелдік аудитория үшін Қазақстанның қысқаша тарихын әзірлеудің өзектілігі» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысуға шақырады.

2021 жылғы 5 қаңтарда ҚР Президенті Қ.-Ж.К. Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласы жарық көрді, онда шетелдік аудитория үшін Қазақстанның қысқаша тарихын жазу қажеттілігіне назар аударылды. Жаңа тұжырымдамалық көзқарас тұрғысынан және шетелдік архивтер мен кітапханаларда жаңадан анықталған тарихи дереккөздерді талдау негізінде дайындалған бұл академиялық басылым көптеген пікірталас мәселелерін сапалы қайта қарауға мүмкіндік береді, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар шеңберінде әлемдік тарих контексінде қазақ халқының мыңдаған жылдық тарихы туралы объективті білімді қалыптастыруға елеулі үлес қосады. Президент атап өткендей: «Бұл әлемге қазақ халқының шынайы көпғасырлық тарихын айтудың жалғыз жолы. Әрбір халық жат идеологияның ықпалына берілмей, өз тарихын өзі жазуға тиіс».

Осы жобаны орындау шеңберінде тұжырымдама, шетелдік аудитория үшін Қазақстанның қысқаша тарихын әзірлеу бойынша материалды (параграфты) дайындау және ресімдеу қағидалары дайындалды, әдіснамалық дөңгелек үстел өткізілді, онда шетелдік аудитория үшін Қазақстанның қысқаша тарихының мазмұнына тұжырымдамалық және әдіснамалық тәсілдер, кітаптың құрылымы, материалды баяндау стилі, авторлардың материалдарды беру әдістемесі және т. б. талқыланды.

Конференцияда тарих ғылымы және этнология саласындағы жетекші мамандардан тұратын жұмыс тобы, академиялық Тарих және этнология институтының басшылығымен атқарған жұмыстардың негізгі нәтижелерін талқылау жоспарлануда. Аталған бас институтпен қатар жобаны іске асыруға жанама түрде (өз қызметкерлері арқылы) БҒМ Ғылым комитеті мен ҚР Президенті әкімшілігінің тікелей бақылауымен Мемлекет тарихы институты, Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті және т.б. сондай сияқты жетекші ғылыми-зерттеу және оқу орындары қатысты.

Конференцияда келесі бағыттар бойынша мәселелерді талқылау жоспарлануда:

  • Шетелдік аудитория үшін Қазақстанның қысқаша тарихының мазмұнына тұжырымдамалық және әдіснамалық тәсілдер.
  • Қазақстан тарихын зерттеудегі тарихнаманың, Деректанудың жетістіктері және иллюстрацияланған басылымдарды дайындау.
  • Ұлттық мемлекеттердің қысқаша тарихын жариялаудағы халықаралық тәжірибе.
  • Ұлы даладағы мемлекеттіліктің мыңдаған жылдық дәстүрі.
  • Алтын Орда мен Қазақ хандығының сабақтастығы мәселелері.
  • Ұлы Дала мен Қазақ хандығының тарихы ұлы билеушілердің, билердің, батырлардың және т.б. қызметі призмасы арқылы.
  • Қазақстан Ресей империясының орбитасында.
  • Қазақстандағы 1921-1922, 1931-1933 жылдардағы ашаршылықтың аз зерттелген беттері.
  • Қазақстандағы 1920-1950 жылдардағы жаппай саяси қуғын-сүргін және қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау мәселесі.
  • Кеңестік Қазақстан тарихының өзекті мәселелері.
  • Қазақстан этнологиялық ғылымының өзекті мәселелері. Қазақстанның жаһандық әлемдегі заманауи мәдениеті.

 

Конференцияға қатысуға тарихшылар, ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары, жоғары оқу орындарының, профессор-оқытушылар құрамының, мемлекеттік билік органдарының өкілдері, докторанттар, жас ғалымдар, БАҚ өкілдері шақырылады.

Мекен-жайы: 050100, Алматы қ., Шевченко көш., 28.

Басқа қалалардан келген авторлар үшін конференцияға сырттай қатысуы қарастырылған. Қажет болған жағдайда жинақты ПДФ форматында электрондық пошта мекенжайына жіберу көзделген.

Ұйымдастыру комитеті форум материалдарының жинағын жариялауды жоспарлап отыр. Конференция бағдарламасына енгізу үшін ұйымдастыру комитетінің мекен-жайына қатысушының тіркеу формасын ұсыну қажет (қосымшаны қараңыз). Жариялауға мұқият шегерілген және редакцияланған мәтіндер қабылданады.

 

Қатысу шарттары

Баяндаманы (мақалаларды, тезистерді) жариялау үшін материалдар қатаң түрде мынадай талаптарға сәйкес ресімделуі тиіс: баяндама мәтіні (конференция тақырыбына байланысты және көлемі 7 беттен аспайтын) қазақ, орыс (немесе ағылшын) тілдерінде, тіркеу нысаны MS Word мәтіндік редакторында терілуі тиіс; файлдың аты және JPEG форматындағы суреттердің жеке файлдары автордың тегімен аталуы тиіс.

1. Кестелер, схемалар, суреттердің атаулары болу тиіс және Windows ортасында терілуі керек.

2. Беттер пішімі: А4.

3. Шекаралары: жоғарғы – 2 см, төмеңгі – 2 см, оң – 1 см, сол – 3 см.

4. Шрифт: Times New Roman, KZ Times New Roman, кегль – 12.

5. Жоларалық интервал – бір.

6. Қызыл жол шегінісі: 1,0 см.

7. Ортасында кіші әріптермен (қалың қаріппен) автордың (авторлардың) аты-жөні, ғылыми дәрежесі, атағы (бар болған жағдайда).

8. Төменде автор мен оның лауазымы жұмыс істейтін мекеменің толық атауы берілген.

9. Автордың аты-жөнінен төмен ортасында БАС ӘРІПТЕРМЕН (ҚАЛЫҢ ҚАРПІМЕН) баяндаманың атауы көрсетіледі.

10. Азат жол мен бір интервалдан кейін тікелей баяндама (мақала) материалы болады.

11. Әдебиеттер (және дереккөздер) тізімі мақаланың соңында орналастырылады және жұмыстарды атап өту тәртібіне сәйкес жасалады. Мәтіндегі сілтемелер тік жақшада әдебиеттер тізімі бойынша дереккөздің бетін (қажет болған жағдайда) көрсете отырып, тиісті нөмір түрінде рәсімделеді, мысалы: [1, с. 2], [1, 2-б.] или [1, р. 2]. Барлық библиографиялық мәліметтер мұқият тексерілуі керек.

12. Кестелер, сызбалар, суреттердің атаулары болып, Windows ортасында терілуі керек. Барлық суреттер мен фотосуреттер жақсы контраст пен кем дегенде 300 dpi ажыратымдылыққа ие болуы тиіс. Барлық суреттерде нөмірлеу, сурет астындағы қолтаңба болуы керек. Сурет астындағы қолтаңба қысқа, бірақ мазмұнды болуы тиіс. Кестелер көрнекі болып, олардың атауы, сериялық нөмірлері болуы керек. Егер олар мәтінде жалғыз болса, кесте немесе сурет нөмірленбейді. Мәтінде барлық кестелер мен суреттерге сілтемелер болуы керек. Суреттер мен кестелер мәтінге қажетті жерге қойылады.

13. Жалпы қабылданғандардан басқа сөздерді қысқартуға жол берілмейді. Аббревиатуралар мәтінге алғаш рет толық мағынасын ашқаннан кейін ғана енгізіледі (мысалы, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы – ҚР ҰҒА).

14. Ескертпелер жоғарғы индекс түріндегі сандармен рәсімделеді және рет-ретімен нөмірленуі тиіс. Ескертпе мәтіндері мақаланың соңында ЕСКЕРТПЕ бөліміне жатқызылып, жоғарғы индекс түрінде санмен нөмірленеді. Мәтінде жол сілтемелерін қоюға болмайды.

Егер мақалада ЕСКЕРТПЕЛЕР де, ӘДЕБИЕТТЕР (ЖӘНЕ ДЕРЕКТЕР) ТІЗІМІ де болса, алдымен ЕСКЕРТПЕЛЕР қойылады.

15. Белгілерді біріздендіру: тырнақшалар – «»; даталардағы ғасырлар – рим цифрларымен, жылдар – араб. Сызықшаны (-) және ортаңғы сызықшаны (–) пайдалануды ажырату қажет. Соңғысы сандық, хронологиялық шектерді және т. б. белгілеу кезінде көрсетіледі: с. 89–92, 179–185-бб.; 1878–1879 жж.; XV–XVI ғғ. (шыңдаусыз), немесе XV ғ. соны – XVI ғ. басы (шыңдаумен); 7–8 км; М.–Л. және т.б.

16. Табуляция жасауға, сөздерді сиректетіп теруге, автоматты режимде орындалатын командаларды қолдануға, макростарды қолдануға, мәтінді шаблон түрінде сақтауға БОЛМАЙДЫ.

17. Файлдың атауы автордың тегімен аталады (мәтіндік файлдар үшін – Омаров_өтініш.doc, Омаров_мақала.doc; иллюстрациялар үшін – Омаров_сур1.jpeg).

Редакциялық алқа рәсімдеу талаптарына сәйкес келмейтін мақалаларды қабылдамауға құқылы (төмеңде үлгіні қараңыз).

 

МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУ ҮЛГІСІ

 

Абдулина А.Т., т.ғ.к.

Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты,

Этнология және антропология бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері

 

ТАРИХТАҒЫ ТҰЛҒА:

ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ 

 

Баяндама мәтіні, баяндама мәтіні, баяндама мәтіні

 

Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер тізімі:

1 Назарбаев Н.А. В потоке истории. – Алматы: Атамура, 1999. – 296 с.

2 Абусеитова М.Х. История Центральной Азии: концепции, методология и новые подходы // Материалы международной научно-теоретической конференции «К новым стандартам в развитии общественных наук в Центральной Азии». – Алматы: Дайк-Пресс, 2006. – С. 10–17.

3 Байтова А. Инновационно-технологическое развитие – ключевой фактор повышения конкурентоспособности // Казахстанская правда. – 2009. – № 269. – 28 июля.

 

 

Тіркеу нысаны 20 қыркүйекке дейін, баяндама (мақала) материалдары2021 жылғы 25 қыркүйектен кешіктірілмей қабылданады.

Іс-сапар шығындары

Жол жүруге және тұруға байланысты шығындар іссапарға жіберуші тараптың есебінен жүзеге асырылады.

Баяндамаларды келесі мекен-жай бойынша жіберулеріңізді сұраймыз:

Қазақстан, 050010, Алматы қ., Шевченко к-сі, 28. ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Этнология және антропология бөлімі.

Е-mail: abd_aksunkar@mail.ru.

ТЭИ байланыс телефондары: тел./факс 8 (727) 261-67-19; 8 (727) 261-65-57 (этнология және антропология бөлімі).

Байланысушы тұлғалар

(ғылыми-ұйымдастыру мәселелерді шешу үшін)

Абдулина Аксункар Турсуновна – ЖҒҚ, т.ғ.к.

е-mail: abd_aksunkar@mail.ru; тел.: +7 777 312 20 36

Смагулова Анар Мурзагалиевна – ҒҚ, магистр

е-mail: anaru6ka@mail.ru; тел.: +7 777 145 50 69

 

Қосымша

Тіркеу нысаны (қазақ немесе орыс тілінде)

ер.  □                             әйел.  □

 

Тегі
Аты
Әкесінің аты
Ғылыми дәрежесі, қызметі
Мекеме (ғылыми мекеменің, ЖОО-ның және т.б. атауы, оның мекен-жайы)
E-mail
Телефон/факс (халықаралық байланыс кодымен)
Баяндама атау
Қажетті техникалық құралдар
Қонақ үй бөлмесін брондау қажеттілігі (иә/жоқ)

 

Құрметпен, ұйымдастыру комитеті