«Қазақстандағы ХХ ғасырдың 20-30-шы жж.басындағы ашаршылық және қазақтардың шектес аумақтарға мәжбүрлі көші-қоны: зерттеу мәселелері» тақырыбында Республикалық-практикалық конференциясының ақпараттық хаты

2021 жылдың 08 қазанында ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтында «Қазақстандағы ХХ ғасырдың 20-30-шы жж.басындағы ашаршылық және қазақтардың шектес аумақтарға мәжбүрлі көші-қоны: зерттеу мәселелері» тақырыбында Республикалық-практикалық конференциясын өткізу жоспарлануда.

Конференцияның мақсаты: ХХ ғасырдың 20-30-шы жж.басындағы Қазақстандағы ашаршылықтың ерекшеліктерін және қазақ халқының шектес аумақтарға мәжбүрлі көші-қонын зерттеудің өзекті мәселелерін талқылау.

Қазақ даласы 20-30 жылдары екі рет жаппай ашаршылыққа ұшырағаны белгілі. Алайда, егер Кеңес өкіметінің алғашқы жылдары мен құлдырауы жағдайында жергілікті билік 1921-1922 жылдардағы ашаршылық салдарын тез арада оқшаулап үлгерсе, тура 10 жылдан кейін Қазақстандағы жағдай қайталанды, бірақ олар ашаршылықты баса алмады. Сондықтан қысқа мерзімде миллиондаған жазықсыз азаматтар құрбан болған кеңестік аграрлық саясаттың ерекшеліктерін мұқият зерделеу қажет. Қазіргі уақытта 1930-шы жылдардың 20-30-шы жылдары басталған ашаршылық кезеңінде дала халқының мәжбүрлі көші-қонының тұтас көрінісін қалпына келтіру және олардың шектес республикалар мен алыс шетелдердің аумағына бейімделуі қажеттігі пісіп-жетілді. 1932-1933 жылдардағы ашаршылық Қазақстанда 1918-1919 және 1921-1922 жылдары орын алған ашаршылықтың зардабынан кем дегенде 2 миллионнан 4 миллионға дейін адамның өмірін қиды. И. Голощекин саясатының қылмыстылығы Ашыққан халықты құтқару бойынша уақтылы шаралар қабылданбағандығында болды. Малсыз және өмір сүру қаражатынсыз қалған малшылар өлуге немесе қоныс аударудан қашуға қалды. Сондықтан 1931 жылдың күзінен бастап шектес республикалардың аумағына ашыққан қазақ халқының легі ағыла бастады. Кейбір зерттеушілердің есептеулері бойынша республикадан осы жылдары қазақ диаспорасының қатарын толықтыра отырып, 1 миллионға жуық отандасымыз кетті. Бір жағынан, жаппай қоныс аудару ұжымдық наразылық пен қазақтардың колхоздар құру саясатына қарсы тұру нысандарының бірі болды, екінші жағынан, аштықтан құтылудың жалғыз дұрыс жолы болды. Конференция ҚР БҒМ қаржылай қолдауымен № AP08856865 «ХХ ғасырдың 30-жж. басындағы жаппай ашаршылық кезеңіндегі Орта Азия республикалары мен Ресейдегі қазақ көшпелілері: орналасуы мен бейімделуі»жобасын іске асыру шеңберінде өткізіледі.

Конференция жұмысының бағыттары:

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

1) ХХ ғасырдың 20-30-шы жж. басындағы аштықты зерттеу әдіснамасының мәселелері;

2) ХХ ғасырдың 20-30-шы жж. басындағы ашаршылықтың себептері мен салдарын бағалау.;

3) Ашаршылық куәгерлері мен олардың ұрпақтарының естеліктері тарихи дерек көзі ретінде;

4) Ашаршылық кезеңінде қазақ халқының мәжбүрлі көші-қоны;

5) Қазақ қоныс аударушыларының болу және бейімделу ерекшеліктері және қазақ диаспорасын қалыптастыру процестері;

6) Қазақ қоныс аударушылары мен олардың ұрпақтарын тарихи отанына қайтару.

Конференция жұмысының басталуы: 8 қазан 2021 ж., сағат 10: 00.

Өткізу нысаны: ZOOM негізіндегі конференция (конференция сәйкестендіргіші: 865 0884 9444, пароль: 629431)

Конференцияға қатысу үшін ғалымдар, қоғам қайраткерлері, докторанттар мен магистранттар шақырылады.

Конференция басталғанға дейін жинақ шығару жоспарлануда. Конференция жинағына өтінімдер мен мақалаларды қабылдау электрондық нұсқада “Қазақстандағы ашаршылық” белгісімен e-mail-де жүзеге асырылады: rbaidali@mail.ru. тіркеу нысаны 20 қыркүйекке дейін, баяндама (мақала) материалдары – 2021 жылғы 25 қыркүйектен кешіктірілмей қабылданады.

Баяндаманы (мақалаларды, тезистерді) жариялау үшін материалдар мынадай талаптарға қатаң сәйкестікте ресімделуі тиіс: баяндама мәтіні (конференция тақырыбына байланысты және көлемі 7 беттен аспайтын) қазақ, орыс (немесе ағылшын) тілдерінде, тіркеу нысаны MS Word мәтіндік редакторында терілуі тиіс; файлдың аты және JPEG форматындағы суреттердің жеке файлдары автордың тегімен аталуы тиіс, мысалы, “Байдалин_заявка”, “Байдалин_статья”.

1. Кестелер, схемалар, суреттердің атаулары болу тиіс және Windows ортасында терілуі керек.

2. Беттер пішімі: А4.

3. Шекаралары: жоғарғы – 2 см, төмеңгі – 2 см, оң – 1 см, сол – 3 см.

4. Шрифт: Times New Roman, KZ Times New Roman, кегль – 12.

5. Жоларалық интервал – бір.

6. Қызылжолшегінісі: 1,0см.

7. Ортасындакішіәріптермен (қалың қаріппен) автордың (авторлардың) аты-жөні, ғылыми дәрежесі, атағы (бар болған жағдайда).

8. Төменде автор мен оның лауазымы жұмыс істейтін мекеменің толық атауы берілген.

9. Автордың аты-жөнінен төмен ортасында БАС ӘРІПТЕРМЕН (ҚАЛЫҢ ҚАРПІМЕН) баяндаманың атауы көрсетіледі.

10. Азат жол мен бір интервалдан кейін тікелей баяндама (мақала) материалы болады.

11.Әдебиеттер (және дереккөздер) тізімі мақаланың соңында орналастырылады және жұмыстарды атап өту тәртібіне сәйкес жасалады. Мәтіндегі сілтемелер тік жақшада әдебиеттер тізімі бойынша дереккөздің бетін (қажет болған жағдайда) көрсете отырып, тиісті нөмір түрінде рәсімделеді, мысалы: [1, с. 2], [1, 2-б.] или [1, р. 2]. Барлық библиографиялық мәліметтер мұқият тексерілуі керек.

12. Кестелер, сызбалар, суреттердің атаулары болып, Windows ортасында терілуі керек. Барлық суреттер мен фотосуреттер жақсы контраст пен кем дегенде 300 dpi ажыратымдылыққа ие болуы тиіс. Барлық суреттерде нөмірлеу, сурет астындағы қолтаңба болуы керек. Сурет астындағы қолтаңба қысқа, бірақ мазмұнды болуы тиіс. Кестелер көрнекі болып, олардың атауы, сериялық нөмірлері болуы керек. Егер олар мәтінде жалғыз болса, кесте немесе сурет нөмірленбейді. Мәтінде барлық кестелер мен суреттерге сілтемелер болуы керек. Суреттер мен кестелер мәтінге қажетті жерге қойылады.

13. Жалпы қабылданғандардан басқа сөздерді қысқартуға жол берілмейді. Аббревиатуралар мәтінге алғаш рет толық мағынасын ашқаннан кейін ғана енгізіледі (мысалы, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы – ҚР ҰҒА).

14. Ескертпелер жоғарғы индекс түріндегі сандармен рәсімделеді және рет-ретімен нөмірленуі тиіс. Ескертпе мәтіндері мақаланың соңында ЕСКЕРТПЕ бөліміне жатқызылып, жоғарғы индекс түрінде санмен нөмірленеді. Мәтінде жолсілтемелерін қоюға болмайды.

Егер мақалада ЕСКЕРТПЕЛЕР де, ӘДЕБИЕТТЕР (ЖӘНЕ ДЕРЕКТЕР) ТІЗІМІ де болса, алдымен ЕСКЕРТПЕЛЕР қойылады.

15. Белгілерді біріздендіру: тырнақшалар – «»; даталардағы ғасырлар – рим цифрларымен, жылдар – араб. Сызықшаны (-) жәнеортаңғысызықшаны (–) пайдалануды ажырату қажет. Соңғысы сандық, хронологиялық шектерді және т. б. белгілеу кезінде көрсетіледі: с. 89–92, 179–185-бб.; 1878–1879 жж.; XV–XVIғғ. (шыңдаусыз), немесеXV ғ. соны – XVIғ. басы (шыңдаумен); 7–8 км; М.–Л. және т.б.

16. Табуляция жасауға, сөздерді сиректетіп теруге, автоматты режимде орындалатын командаларды қолдануға, макростарды қолдануға, мәтінді шаблон түрінде сақтауға БОЛМАЙДЫ.

Мақалалар рецензияланбайды, берілген мақалалардың мазмұны және плагиат үшін автор жауапты болады.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы және байланыс телефондары:

050010, Алматы қ., Шевченко к-сі, 28, «Ғылым ордасы» ғимараты ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты, 2-ші қабат, 205 ауд. (Академик Ақай Нүсіпбеков ат. Ғылыми Кеңес залы).

Конференция материалдары жинағында жариялау мәселелері бойынша байланысушы тұлғалар: (ғылыми-ұйымдастыру мәселелерді шешу үшін)

Байдалы Рауан Жомартұлы – е-mail: rbaidali@mail.ru; тел.: +7 775 143 39 35

Қамза Айнура Талғатқызы  –  магистр  е-mail: Talgatqyzy@inbox.ru; тел.: +7 7476213120

 

Ұйымдастыру комитеті

 

МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУ ҮЛГІСІ

 

Абдулина А.Т., т.ғ.к.

Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты,

Этнология және антропология бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері

 

ТАРИХТАҒЫ ТҰЛҒА:

ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ

 

Баяндама мәтіні, баяндама мәтіні, баяндама мәтіні

 

Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер тізімі:

1 Назарбаев Н.А. В потоке истории. – Алматы: Атамура, 1999. – 296 с.

2 Абусеитова М.Х. История Центральной Азии: концепции, методология и новые подходы // Материалы международной научно-теоретической конференции «К новым стандартам в развитии общественных наук в Центральной Азии». – Алматы: Дайк-Пресс, 2006. – С. 10–17.

 

Тіркеу нысаны (қазақ немесе орыс тілінде)

ер.  □                             әйел.  □

Толық аты-Жөні
Жұмыс орны, лауазымы
Ғылыми дәрежесі және атағы
Байланыс мекен-жайы және e-mail телефоны:
Қатысу бағыты, нысаны
Баяндама тақырыбы