Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Қазақстанның соғыстан кейінгі онжылдықтағы шаруалары: әлеуметтік трансформация және күнделікті өмір» жоба аясындағы ғылыми іссапарлар


2021 жылғы 26 шілде мен 02 тамыз аралығында тарихи демография және Қазақстан халқы Ассамблеясы бөлімінің меңгерушісі Әпендиев Тимур Әкімханұлы «Қазақстанның соғыстан кейінгі онжылдықтағы шаруалары: әлеуметтік трансформация және күнделікті өмір» тақырыбындағы жас ғалымдарға арналған гранттық қаржыландырудың ғылыми жобасы аясында Қостанай облысының мемлекеттік архивінің қорларында зерттеу жұмысын жүргізді.

Қызметтік тапсырманың міндеттеріне сәйкес іссапар барысында жоғарыда көрсетілген мұрағат қорларынан оның құрылымына сәйкес ғылыми жоба тақырыбы бойынша мұрағаттық құжаттарды анықтау жөнінде жұмыстар орындалды. Қостанай облысының мемлекеттік архивінен алынған архив материалдар анықталып сканерленді. Жалпы 944 бет архив материалдары жинақталды. Құжаттар мен материалдар жинағы, архив құжаттар тізімдемесі ұсынылды. Қағаз түріндегі архив құжаттар папкаға жиналған.

Қазіргі уақытта жиналған архив материалдарды кейін жоба бойынша монографияда пайдалану үшін жүйелеу жүргізілуде.

2021 жылдың 26 шілдесінен 04 тамызына дейін институттың ғылыми қызметкері Болатхан Әлия осы ғылыми жоба аясында Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің қорларында зерттеу жұмыстарын жүргізді. Қызметтік тапсырманың міндеттеріне сәйкес іссапар уақытында жоғарыда көрсетілген архивтің қорларынан оның құрылымына сәйкес ғылыми жоба тақырыбы бойынша архив құжаттарды анықтау жөнінде жұмыстар орындалды. Одан әрі пайдалануға жарамды 3883 бірлік архив құжаттары анықталды.

Қаралған қорлар: 13-Қор-Қазақстан КП Ақтөбе облыстық комитеті; 281-Қор-Ақтөбе облыстық халыққа білім беру бөлімі, 1945 – 1955 жж.; 682 – Қор-Ақтөбе қаласының қалалық Денсаулық сақтау бөлімінің бастауыш партия ұйымы; 928-Қор-Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау бөлімі.