Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Ақтөбе қаласына ғылыми іс-сапар


2021 жылдың 16–25 тамыз аралығында Тарихи демография және Қазақстан халқы Ассамблеясы бөлімінің ғылыми қызметкері Мурзаходжаев Қуаныш Мәдиұлы «Қазақстандағы 1921-1922 жж. ашаршылық және оның салдары (жаңа архивтік және жазба деректер негізінде)» тақырыбындағы жас ғалымдарға арналған гранттық қаржыландырылатын ғылыми жобасы аясында Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің қорларында ғылыми зерттеу жұмысытарын жүргізді.

Қызметтік тапсырманың міндеттеріне сәйкес іссапар барысында жоғарыда көрсетілген архив қорларынан ғылыми жоба тақырыбы бойынша құжаттарды анықтау жөнінде жұмыстар орындалды. Атап айтсақ, жұмыс барысында №3 «Губерниялық атқару комитетінің» (ГУБИСПОЛКОМ); №1 «Уездік атқару комитеті» (УИСПОЛКОМ); №59 «Губерниялық халық ағарту бөлімі» (ГУБОНО); №6 «Ақтөбе губерниялоық азық-түлік комиссия» (Актюбинская губернская продовольственная комиссия) және т.б. қорлардың құжаттары қаралды. Тақарыпқа қатысты құжаттар сканерленіп, көшірмесі жасалды.

Сонымен қатар Ақтөбе қаласында орналасқан Сақтаған Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың қорымен танысып, ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілді.

Қазіргі уақытта жиналған архив материалдарды кейін жоба бойынша дайындалатын құжаттар жинағы мен ұжымдық монография жазуға пайдалану үшін жүйелеу жұмыстары жүргізілуде.