Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Санкт-Петербург қаласындағы ғылыми іссапар


2021 ж. 22 тамыз 3 қыркүйек аралығында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының, Жаңа дәуірдегі Қазақстан тарихы бөлімінің кіші ғылыми қызметкері А.Д. Куникеев «Қазақ хандарының, сұлтандарының және батырларының өмірі мен қызметінің беймәлім қырлары туралы құпиясыздандырылған Ресей мұрағаттары (18 – 19 ғасырдың бірінші жартысы)» жобасын жүзеге асыру шеңберінде Санкт-Петербург қаласына (РФ) ғылыми іссапарымен барып қайтты.

Іссапар барысында Санкт-Петербург Орталық Мемлекеттік архиві, Санкт-Петербург Орталық Мемлекеттік тарихи архиві, Санкт-Петербург тарихи-саяси құжаттарының Орталық Мемлекеттік архивінде жұмыстар жүргізілді. Зерттеу тақырыбына қатысты қорлар, тізбелер және істер қарастырылып, жекелеген істердің қажетті парақтарының фотокөшірмелері жасалынды. Сонымен қатар ғылыми ізденістер Ресей ұлттық кітапханасында да жасалып, зерттеу тақырыбына қатысты басылымдар анықталып, көшірмелері алынды. Олардың қатарында төңкеріске дейінгі және кеңес кезеңі тұсында шыққан газет және журналдарындағы мақалалар, жекелеген карталар және т.б. бар.

Санкт-Петербург Орталық Мемлекеттік архиві директорының орынбасары М.А. Гаугаумен  кездесу өтті. Онда институт атынан кітап сыйға тартылды, өзара ғылыми байланыс орнату және серіктестік Меморандумын жасау мүмкіндіктері туралы ұсыныстар айтылды.