Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Қазақстанның кеңестік кезеңдегі тарихы: зерттелуі және мәселелері» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияның ақпараттық хаты


2021 жылғы 20 қазанда сағат 11:00-де Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты «Қазақстанның кеңестік кезеңдегі тарихы: зерттелуі және мәселелері» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2021 жылғы 5 қаңтардағы «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында ел тарихшыларының алдына қойылған міндеттерге сәйкес Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 7 томдық «Ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан тарихы» академиялық басылымын әзірлеу» бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобасын іске асыруда. Жоба шеңберінде «Кеңес кезеңіндегі  Қазақстан тарихы (1917-1991 жж.)» 6-томының күнтізбелік жоспарына сәйкес аталған ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылады.

ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихының едәуір бөлігі Кеңес Одағының құрамында болуымен, оның экономикалық, әлеуметтік-саяси және мәдени өмірінің тоталитарлық кеңестік жүйеге толық тәуелділігімен сипатталады. КСРО құрамындағы Қазақ КСР 15 одақтас республиканың бірі болғанына қарамастан, іс жүзінде большевиктік Кремльдің билігі Ресей империясының отаршылдық билігінің жалғасы болды. Кеңес Одағы кезеңінде қазақ халқының білім, мәдениет, өнер, ғылым жетістіктері тек Батыстық, Ресейлік өркендеу стандарттары арқылы келді деген евроцентрлік дүниетаным мен көзқарас үстемдік құрды. Жаңа көп томдықта авторлар тарихи шындықты бейнелеуде объективтілік принциптерін басшылыққа алады. Қазақ халқының ішкі ресурстары мен ұлттық әлеуетінің республиканың әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне қаншалықты үлес қосқаны туралы өзекті мәселені шешу қажет болады.

ХХ ғасырдың басында, 1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейін, Қазақстанда автономияға қол жеткізіп, либералдық-буржуазиялық қоғам құру мүмкіндігі пайда болды. Алайда 1917 жылғы Қазан төңкерісі Қазақстанның прогресс жолында даму мүмкіндігін жоққа шығарды. Азаттық идеологиясын басшылыққа алған ұлттық қозғалыс пен «Алаш» партиясы большевиктік партияның кеңес қоғамын құру жөніндегі саясатына еріксіз бағынды. Қазақ интеллигенциясының жекелеген көрнекті өкілдері большевиктік партияның жұмысшы табы мен кедей шаруалар мемлекетін және әлемдегі ең әділетті қоғам – социализмді құру жөніндегі идеясына сенді. Олар Қазақстандағы кеңестік құрылысқа белсенді қатысты. Өкінішке орай, олар да барлық алаш қайраткерлері сияқты, большевиктік сталинизмнің қуғын-сүргін саясатының құрбаны болды.

Кеңес заманында басқаша ойлаушыларды қудалау және саяси қуғын-сүргін күшейді. 1920-1921 жж. және 1931-1933 жж. аштықтан шамамен 2,5 млн. адам қаза тапты, 1 млн. астам қазақ босқын болды. 100 мыңнан астам адам саяси қуғын-сүргінге ұшырады, олардың 25 мыңы атылды. Қазақ этносы өзінің интеллектуалды элитасынан айырылды. Кеңестік билік жүйесі қазақ жерін ГУЛАГ лагерлерінің аймағына айналдырды. Фашистік Германиямен соғыс кезінде көптеген халықтар Қазақстанға жер аударылды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Қазақстан КСРО халықтарымен бірге фашизмді жеңуге үлкен үлес қосты, әлем халықтарын фашистік құлдықтан құтқарушы күштерінің қатарында болды. Қазақтар ерлік үлгілерін көрсетті. Соғыстан кейін тың және тыңайған жерлерді игеру ұранымен Қазақстанға славян халықтарының өкілдері қоныс аударды.

Кеңестік кезеңде Қазақстанда белгілі бір жетістіктер де болды. Республикада өндірістік орталықтар, қалалар, мектептер, кітапханалар, ауруханалар салынды. Білім, мәдениет, өнер, ғылым салалары дамыды. Оң жетістіктер Қазақ ССР-ін орыстандыру саясатымен қатар жүрді. Жаңа көп томдық еңбекте осы даулы тарихи шындықтың нақты тарихи бейнесі көрсетілуі керек.

КСРО-ның басқарушы партиясы кеңес халықтарының әлеуметтік-рухани, шаруашылық, саяси-мәдени мүдделеріне жауап беретін ғылыми негізделген саясат жүргізе алса, қазақ халқы социалистік қоғамда үлкен жетістіктерге жетер еді. Бірақ КСРО әскери-тоталитарлық державаға айналып, жалпыға бірдей әділеттілік пен теңдік қоғамына айналмады. Сондықтан қазақ халқы социалистік таңдаудан бас тартып, либералды-демократиялық қоғамның құндылықтарын таңдады. Қазақстанның егемендігі 1991 жылғы 16 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңда бекітілген.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

– тарихнама, деректану және әдіснама мәселелері;

– мемлекеттіліктің кеңестік түрінің құрылу тарихын зерттеу;

– Алаш” ұлттық қозғалысының тәуелсіздік идеясын жүзеге асыру жөніндегі қызметі;

– жаппай саяси қуғын-сүргін, халықтарды республикаға депортациялау;

– 20-шы және 30-шы жылдардың басындағы Қазақстандағы ашаршылықтың екі ірі рецидивінің тарихын және олардың зардаптарын зерделеу;

– Қазақстанның индустриялық даму және қазақтарды күшпен ұжымдастыру мен отырықшыландыруды жүзеге асыру тарихын зерделеу;

– Екінші дүниежүзілік соғыстағы қазақстандық әскери тұтқындардың және олардың Түркістан легионын құруға мәжбүрлі қатысуының тарихы;

– Қазақстан және Еуразия халықтарының тарихындағы көрнекті тұлғалардың рөлін жаңа әдіснамалық тәсілдер тұрғысынан жариялау;

– Семей ядролық полигонын құру, оның жұмыс істеуі және жабылу мәселелері; Қазақстан Республикасының ядроға қарсы бастамалары;

– тарих, этнология және антропологияның өзекті мәселелері мен болашағы.

 

Конференция жұмысының тілі: қазақ, орыс.

Конференцияны өткізу күні: 2021 жылғы 20 қазан, сағат 11: 00.

Конференцияға қатысуға шақырылады: тарихшылар, ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары, жоғары оқу орындарының, профессор-оқытушылар құрамының, мемлекеттік билік органдарының өкілдері, докторанттар, жас ғалымдар, БАҚ өкілдері.

Адрес: 050100 Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 28.

Жұмыс форматы: ZOOM базасындағы конференция (идентификатор: 885 3163 4229, пароль: 159058) және офлайн.

Басқа қалалардан келген авторлар үшін конференцияға қатысудың сырттай нысаны қарастырылған. Қажет болған жағдайда жинақты ПДФ форматында электрондық пошта мекенжайына жіберу көзделген.

Ұйымдастыру комитеті конференция материалдарының жинағын жариялауды жоспарлап отыр. Конференция бағдарламасына енгізу үшін ұйымдастыру комитетінің мекен-жайына қатысушының тіркеу формасын ұсыну қажет (қосымшаны қараңыз). Жариялауға мұқият редакцияланған мәтіндер қабылданады.

Қатысу шарттары

Баяндаманы (мақалаларды, тезистерді) жариялау үшін материалдар қатаң түрде мынадай талаптарға сәйкес ресімделуі тиіс: баяндама мәтіні (конференция тақырыбына байланысты және көлемі 7 беттен аспайтын) қазақ, орыс (немесе ағылшын) тілдерінде, тіркеу нысаны MS Word мәтіндік редакторында терілуі тиіс; файлдың аты және JPEG форматындағы суреттердің жеке файлдары автордың тегімен аталуы тиіс.

1. Кестелер, схемалар, суреттердің атаулары болу тиіс және Windows ортасында терілуі керек.

2. Беттер пішімі: А4.

3. Шекаралары: жоғарғы – 2 см, төмеңгі – 2 см, оң – 1 см, сол – 3 см.

4. Шрифт: Times New Roman, KZ Times New Roman, кегль – 12.

5. Жоларалық интервал – бір.

6. Қызыл жол шегінісі: 1,0 см.

7. Ортасында кіші әріптермен (қалың қаріппен) автордың (авторлардың) аты-жөні, ғылыми дәрежесі, атағы (бар болған жағдайда).

8. Төменде автор мен оның лауазымы жұмыс істейтін мекеменің толық атауы берілген.

9. Автордың аты-жөнінен төмен ортасында БАС ӘРІПТЕРМЕН (ҚАЛЫҢ ҚАРПІМЕН) баяндаманың атауы көрсетіледі.

10. Азат жол мен бір интервалдан кейін тікелей баяндама (мақала) материалы болады.

11. Әдебиеттер (және дереккөздер) тізімі мақаланың соңында орналастырылады және жұмыстарды атап өту тәртібіне сәйкес жасалады. Мәтіндегі сілтемелер тік жақшада әдебиеттер тізімі бойынша дереккөздің бетін (қажет болған жағдайда) көрсете отырып, тиісті нөмір түрінде рәсімделеді, мысалы: [1, с. 2], [1, 2-б.] или [1, р. 2]. Барлық библиографиялық мәліметтер мұқият тексерілуі керек.

12. Кестелер, сызбалар, суреттердің атаулары болып, Windows ортасында терілуі керек. Барлық суреттер мен фотосуреттер жақсы контраст пен кем дегенде 300 dpi ажыратымдылыққа ие болуы тиіс. Барлық суреттерде нөмірлеу, сурет астындағы қолтаңба болуы керек. Сурет астындағы қолтаңба қысқа, бірақ мазмұнды болуы тиіс. Кестелер көрнекі болып, олардың атауы, сериялық нөмірлері болуы керек. Егер олар мәтінде жалғыз болса, кесте немесе сурет нөмірленбейді. Мәтінде барлық кестелер мен суреттерге сілтемелер болуы керек. Суреттер мен кестелер мәтінге қажетті жерге қойылады.

13. Жалпы қабылданғандардан басқа сөздерді қысқартуға жол берілмейді. Аббревиатуралар мәтінге алғаш рет толық мағынасын ашқаннан кейін ғана енгізіледі (мысалы, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы – ҚР ҰҒА).

14. Ескертпелер жоғарғы индекс түріндегі сандармен рәсімделеді және рет-ретімен нөмірленуі тиіс. Ескертпе мәтіндері мақаланың соңында ЕСКЕРТПЕ бөліміне жатқызылып, жоғарғы индекс түрінде санмен нөмірленеді. Мәтінде жол сілтемелерін қоюға болмайды.

Егер мақалада ЕСКЕРТПЕЛЕР де, ӘДЕБИЕТТЕР (ЖӘНЕ ДЕРЕКТЕР) ТІЗІМІ де болса, алдымен ЕСКЕРТПЕЛЕР қойылады.

15. Белгілерді біріздендіру: тырнақшалар – «»; даталардағы ғасырлар – рим цифрларымен, жылдар – араб. Сызықшаны (-) және ортаңғы сызықшаны (–) пайдалануды ажырату қажет. Соңғысы сандық, хронологиялық шектерді және т. б. белгілеу кезінде көрсетіледі: с. 89–92, 179–185-бб.; 1878–1879 жж.; XV–XVI ғғ. (шыңдаусыз), немесе XV ғ. соны – XVI ғ. басы (шыңдаумен); 7–8 км; М.–Л. және т.б.

16. Табуляция жасауға, сөздерді сиректетіп теруге, автоматты режимде орындалатын командаларды қолдануға, макростарды қолдануға, мәтінді шаблон түрінде сақтауға БОЛМАЙДЫ.

17. Файлдың атауы автордың тегімен аталады (мәтіндік файлдар үшін – Омаров_өтініш.doc, Омаров_мақала.doc; иллюстрациялар үшін – Омаров_сур1.jpeg).

Редакциялық алқа рәсімдеу талаптарына сәйкес келмейтін мақалаларды қабылдамауға құқылы (төмеңде үлгіні қараңыз).

 

МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУ ҮЛГІСІ

Абдулина А.Т., т.ғ.к.

Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты, Этнология және антропология бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері

 

ТАРИХТАҒЫ ТҰЛҒА: ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ

 

Баяндама мәтіні, баяндама мәтіні, баяндама мәтіні

Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер тізімі:

1 Назарбаев Н.А. В потоке истории. – Алматы: Атамура, 1999. – 296 с.

2 Абусеитова М.Х. История Центральной Азии: концепции, методология и новые подходы // Материалы международной научно-теоретической конференции «К новым стандартам в развитии общественных наук в Центральной Азии». – Алматы: Дайк-Пресс, 2006. – С. 10–17.

3 Байтова А. Инновационно-технологическое развитие – ключевой фактор повышения конкурентоспособности // Казахстанская правда. – 2009. – № 269. – 28 июля.

 

Тіркеу нысаны 2021 жылғы 15 қазанға дейін, баяндама материалдары (мақалалар) – 2021 20 қазаннан кешіктірілмей «Кеңес кезеңіндегі Қазақстан» деген белгісімен электронды түрде қабылданады.

Іссапар шығындары:

Жол жүруге және тұруға байланысты шығындар іссапарға жіберуші тараптың есебінен жүзеге асырылады.

Баяндамаларды келесі мекен-жайға жіберулеріңізді сұраймыз:

Қазақстан, 050010, Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 28. ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты.

E-mail: bek.alma_81@mail.ru.

Байланыс телефондары: тел./факс 8 (727) 261-67-19.

Байланыс тұлғалары:

(ғылыми-ұйымдастыру мәселелерін шешу үшін)

Борбасов Сайын Молдагалиевич – с.ғ.д., профессор – 8 707 550 05 38;

Бекенова Алмагул Арапхановна – КҒҚ, магистр.

е-mail: bek.alma_81@mail.ru, 8 705 775 23 93.

 

Тіркеу нысаны (қазақ немесе орыс тілінде)

ер □ әйел □

Толық аты-жөні

Жұмыс орны, лауазымы
Ғылыми дәрежесі, атағы және қызметі
Ұйым (ғылыми мекеменің, ЖОО-ның және т. б. атауы, оның орналасқан жері)
E-mail
Телефон/факс (халықаралық байланыс кодымен)
Баяндама атауы
Қажетті техникалық құралдар

 Құрметпен, ұйымдастыру комитеті