«Сейітқали Меңдешев және Қазақстандағы тұлғатанудың өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстелдің ақпараттық хаты

2021 жылдың 29 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым Комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты «Сейітқали Меңдешев және Қазақстандағы тұлғатанудың өзекті мәселелері» атты тақырып бойынша өтетін дөңгелек үстелге қатысуға шақырады.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының орталық архивтерінің қорларынан қолға түсіріліп, бұрын жарияланбаған тың тарихи құжаттар мен деректердің, өткен ғасырдың 20-30 жылдарындағы мерзімді басылым материалдарының негізінде С. Меңдешевтің қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметіне баға беру және бүгінгі таңдағы Қазақстандағы тұлғатанудың өзекті мәселелеріне жаңаша талдау жасау.

ЖТН AP09561877 «Сейітқали Меңдешев: өмірі, қызметі және тарихи мұрасы (1882-1938)» атты гранттық жобаның күнтізбелік жоспарына сәйкес өтетін дөңгелек үстел жұмысының негізгі бағыттары:

- С. Меңдешевтің қоғам және мемлекет қайраткері ретінде дамуына әсер еткен қоғамдық-саяси және әлеуметтік алғышарттар;

- 1916 жылғы 25 маусымдағы патша жарлығы және Бөкей Ордасындағы халық наразылығы;

- С. Меңдешевтің большевиктер партиясы қатарына өтуі және Қазревкомдағы саяси-ұйымдастырушылық қызметі;

- Қазақ АКСР-інің құрылуы және оның территориялық тұтастығының қалыптасу тарихы (1920-1924 жылдар)

- С. Меңдешев – қатарынан 4 рет сайланған Қазатком төрағасы (1920-1925 ж.);

- 1921-1922 жылдардағы ашаршылық және оған қарсы күресті ұйымдастырудағы С.Меңдешевтің тарихи рөлі;

- Мемлекеттік билік органдарын жергіліктендіру және қазақ тілін іс жүргізуге енгізу; Орталықтың отарлық саясатына қарсы күрестегі С. Меңдешевтің тарихи рөлі;

- С. Меңдешевтің Москвадағы РКФСР Экономикалық Кеңесіндегі қызметі және Қазақстандағы «меңдешевшілдікпен күрес» тарихы;

- С. Меңдешевтің халық ағарту және академиялық ғылымды ұйымдастырудағы тарихи қызметі;

- 1937-1938 жылдардағы жаппай террор және оның Қазақстандағы ерекшеліктері мен салдарлары.

Дөңгелек үстелге қатысу үшін өтінімдер 2021 жылдың 28 қыркүйегіне дейін электрондық нұсқада «С.Меңдешев» дөңгелек үстелі» белгісімен S.Shildebai@mail.ru электронды поштасына қабылданады. Дөңгелек үстел жұмысының қорытындысы БАҚ бетінде мақала жариялау жоспарлануда.

 

ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМ:

Аты-жөні толығымен
Жұмыс орны, лауазымы
Ғылыми дәрежесі және атағы
Байланыс адресі мен телефоны, e-mail:
Баяндама тақырыбы

 

Дөңгелек үстелдің жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Жұмыс форматы: Zoom платформасындағы онлайн-режим:

Басталуы: сағат 15:00.

Zoom арқылы конференцияға қосылу:

https://us02web.zoom.us/j/84962085624?pwd=cW1ZdTBGdDkwS2tMNjFYMkRsQVZ4QT09

Конференция идентификаторы: 849 6208 5624

Қосылу коды: 010249

Дөңгелек үстелге қатысып, пікір білдіруге шақырамыз.

Анықтаманы және қосымша ақпаратты мына телефон бойынша алуға болады:

+7 (701) 765-27-06 (Whatsapp) – Шілдебай Сәбит Камытбекұлы, жоба жетекшісі.

 

Құрметпен, Ұйымдастыру комитеті