Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Алтай университеттерімен келісімшарттарға қол қойылды


2021 жылдың 30 қыркүйегі мен 03 қазаны аралығында Барнаул мен Горно-Алтайск қалаларында жақын және алыс шетелдерден 300-ге жуық ғалымдардың қатысуымен «Үлкен Алтайдың түркі-моңғол әлемі: тарихи-мәдени мұра және қазіргі заман» атты ІІ Халықаралық Алтай форумы өтті. Пленарлық отырыста институт директоры З.Е. Қабылдинов «Қазіргі Орталық Азияның түркі халқы: демографиялық және көші-қон процестері» тақырыбында баяндама жасады. Форум алаңдарында Алтай мемлекеттік және Тау-Алтай мемлекеттік университеттерімен ынтымақтастық туралы келісімшарттарға қол қойылды. Құжаттар жинақтарын бірлесіп дайындау бойынша Алтай өлкесінің мемлекеттік архивінің басшылығымен кездесу өтті.