«ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы Қазақстандағы жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселелері: отандықжәне халықаралық тәжірибе» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның ақпараттық хаты

ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Сіздерді «XX ғасырдың 20-50-ші жылдарындағы Қазақстандағы жаппай саяси қуғын-сүргін және ақтау үрдістері: бірыңғай деректер базасын құру» мемлекеттік тапсырма мен бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың ғылыми жобасын орындау шеңберінде 2021 жылғы 2 қарашада ұйымдастырылатын «ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы Қазақстандағы жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселелері: отандықжәне халықаралық тәжірибе» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысуға шақырады.

Тәуелсіздік алғаннан бері елімізде жаңа көзқарас дами бастады, бұған өткен ғасырдың 80-жылдарының аяғынан бастап кеңестік тарихи дискурстың қайта қаралуы себеп болды. Қазақстан тарихын концептуалды қайта қараудың, атап айтқанда, бұрынғы ҚазКСР аумағындағы сталинизмнің репрессивті саясатын бағалаудың саяси бағытын мемлекетіміздің бірінші басшысы – Елбасы Н.Ә. Назарбаев айқындап берген болатын. Оның бастамасы бойынша мемлекет аумағында тоталитарлық режимнің антигуманды сипаттағыкуәліктерін ұрпақтарға жеткізу мақсатында тарихи мемориалдық кешендер ретінде Бүкілодақтық ГУЛАГ – КАРЛАГ және АЛЖИР жүйесінің еңбекпен түзету екі лагерлері сақталды. Ғылым, мәдениет саласында және қазақстандық қоғам кеңістігінде тарихты десталинизациялау саясаты өз дамуын алды. Соңғы кезеңдегі ең маңызды оқиғалардың бірі-ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың 2020 жылғы 24 қарашадағы №456 «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» Жарлық. Мемлекет басшысы бұл оқиғаның тарихи әділеттілікті қалпына келтіру жөніндегі жұмыстың аяқталуындағымаңыздылығын ерекше атап өтіп, «біз жазықсыз жазаланғандардың әрқайсысын есте сақтау арқылы ғана кемел келешекке жол ашамыз. Болашақтың берік негізі Тәуелсіздіктен бастау алады» деп атап өтті.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі Мемлекеттік комиссия жұмысының маңыздылығы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі жұмысты, оның әдіснама жөніндегікіші комиссиясын ғылыми-сараптамалық және отандық, шетелдік мұрағаттардан жаңа мұрағат материалдарын анықтау, жинау және талдау жөніндегі жұмыс топтарын ғылыми-сараптамалық сүйемелдеуді жүзеге асыру, жабық қорларды құпиясыздандыру, оларды ғылыми айналымға енгізу, Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірыңғай базасын құру, толық ақтау процестерін аяқтау үшін ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

Конференция барысында Тарих және этнология академиялық институтының жетекшілігімен құқық және тарих ғылымдары саласындағы жетекші мамандардан құрылған Мемлекеттік комиссия атқарған жұмыстардың негізгі нәтижелерін талқылау жоспарлануда.

Конференция аясында ресейлік тарихшы т.ғ. д., профессор В.И. Козодойдың «Алихан Букейханов. Человек-эпоха» атты кітабының тұсаукесері жоспарланған. Конференцияда Орталық мемлекеттік архиві мен Қазақстан Республикасы Президенті мұрағатарыңың көрмелерін ұйымдастыру жоспарланған.

Конференцияда келесі бағыттар бойынша мәселелерді талқылау жоспарлануда:

1.      Қазақстандағы сталинизм кезеңі: тарихжәнеескеалу.

2.      Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау бағытындағы қазіргі заманғы мұрағат саясаты және Қазақстан мен шетелдердегі құжаттарды құпиясыздандыру мәселелері

3.      Сталинизм кезеңіндегі тарихтың қайғылы беттерін жариялаудағы әдіснама мен тарихнамалардың өзекті мәселелері.

4.      «Үлкен террордың» құқықтық аспектілері: зерттеулердің негізгі мәселелері мен болашағы.

5.      Өңірлік комиссиялар қызметінің ғылыми-ұйымдастырушылық аспектілері: мәселелер, тәжірибе және нәтижелер.

6.      Жобаның зерттеу тәжірибесіндегі цифрландыру: әдістер, ақпарат, мәселелер.

7.      Республикалық Мемлекеттік комиссияның сталинизм кезеңіндегі Қазақстан тарихының мәселелерін жариялаудағы ақпараттық-баспа қызметі: жетістіктер мен жоспарлар.

8.      Жаппай саясиқуғын-сүргін құрбандарын толықақтаудың халықаралық тәжірибесін зерделеу.

Конференция аясында ресейлік тарихшыт.ғ. д., профессор В.И. Козодойдың «Алихан Букейханов. Человек-эпоха» атты кітабының тұсаукесері жоспарланған. Конференцияда Орталық мемлекеттік архиві мен Қазақстан Республикасы Президенті мұрағатарыңың көрмелерін ұйымдастыру жоспарланған.

ZOOM конференциясына сілтеме:

https://us02web.zoom.us/j/88042429856?pwd=Wkk0U0F1SXEwQ3FIcW9nSlJDdnhjUT09

Конференция идентификаторы: 880 4242 9856.. Кіру коды: 647563

Конференцияға арихшылар, ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары, жоғары оқу орындарының, профессор-оқытушылар құрамының, мемлекеттік билік органдарының өкілдері, докторанттар, жас ғалымдар, БАҚ өкілдері қатысуға шақырылады.

Мекен-жайы:050100, Алматы қ., Шевченко көш., 28.

Басқақалаларданкелгенавторларүшінконференцияғасырттайқатысуықарастырылған. Қажетболғанжағдайдажинақты ПДФ форматындаэлектрондықпоштамекенжайынажіберукөзделген.

Ұйымдастырукомитеті форум материалдарыныңжинағынжариялаудыжоспарлапотыр. Конференция бағдарламасынаенгізуүшінұйымдастырукомитетініңмекен-жайынақатысушыныңтіркеуформасынұсынуқажет (қосымшанықараңыз). Жариялауға мұқиятшегерілгенжәнередакцияланғанмәтіндерқабылданады.

Қатысу шарттары

Баяндаманы (мақалаларды, тезистерді) жариялау үшін материалдар қатаң түрде мынадай талаптарға сәйкес ресімделуі тиіс: баяндама мәтіні (конференция тақырыбына байланысты және көлемі 7 беттен аспайтын) қазақ, орыс (немесе ағылшын) тілдерінде, тіркеу нысаны MS Word мәтіндік редакторында терілуі тиіс; файлдың аты және JPEG форматындағы суреттердің жеке файлдары автордың тегімен аталуы тиіс.

1. Кестелер, схемалар, суреттердің атаулары болу тиіс және Windows ортасында терілуі керек.

2. Беттер пішімі: А4.

3. Шекаралары:жоғарғы – 2 см, төмеңгі – 2 см, оң – 1 см, сол – 3 см.

4. Шрифт: Times New Roman, KZ Times New Roman, кегль – 12.

5. Жоларалық интервалбір.

6. Қызылжолшегінісі: 1,0 см.

7. Ортасындакішіәріптермен(қалың қаріппен) автордың (авторлардың) аты-жөні, ғылыми дәрежесі, атағы (бар болған жағдайда).

8. Төменде автор мен оның лауазымы жұмыс істейтін мекеменің толық атауы берілген.

9. Автордың аты-жөнінен төмен ортасында БАС ӘРІПТЕРМЕН (ҚАЛЫҢ ҚАРПІМЕН) баяндаманың атауы көрсетіледі.

10. Азатжол мен біринтервалданкейінтікелейбаяндама (мақала) материалы болады.

11. Әдебиеттер (жәнедереккөздер) тізімімақаланыңсоңындаорналастырыладыжәнежұмыстардыатапөтутәртібінесәйкесжасалады.Мәтіндегі сілтемелер тік жақшада әдебиеттер тізімі бойынша дереккөздің бетін (қажет болған жағдайда) көрсете отырып, тиісті нөмір түрінде рәсімделеді, мысалы: [1, с. 2], [1, 2-б.] или [1, р. 2]. Барлық библиографиялық мәліметтер мұқият тексерілуі керек.

12. Кестелер, сызбалар, суреттердің атаулары болып,Windows ортасындатерілуікерек. Барлық суреттер мен фотосуреттержақсы контраст пен кем дегенде 300 dpi ажыратымдылық қаие болуы тиіс. Барлық суреттерден өмірлеу, суретастындағықолтаңбаболуыкерек.Сурет астындағы қолтаңбақысқа, бірақ мазмұнды болуы тиіс. Кестелер көрнекі болып, олардың атауы, сериялық нөмірлері болуы керек. Егер олар мәтінде жалғыз болса, кесте немесе сурет нөмірленбейді. Мәтінде барлық кестелер мен суреттерге сілтемелер болуы керек. Суреттер мен кестелер мәтінге қажетті жерге қойылады.

13. Жалпы қабылданғандардан басқа сөздерді қысқартуға жол берілмейді. Аббревиатуралар мәтінге алғаш реет толық мағынасын ашқаннан кейін ғана енгізіледі (мысалы, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы – ҚР ҰҒА).

14. Ескертпелер жоғарғы индекс түріндегі сандармен рәсімделеді және рет-ретімен нөмірленуі тиіс. Ескертпе мәтіндері мақаланың соңында ЕСКЕРТПЕ бөліміне жатқызылып, жоғарғы индекс түріндесанмен нөмірленеді. Мәтінде жол сілтемелерін қоюға болмайды.

Егер мақалада ЕСКЕРТПЕЛЕР де, ӘДЕБИЕТТЕР (ЖӘНЕ ДЕРЕКТЕР) ТІЗІМІ де болса, алдымен ЕСКЕРТПЕЛЕР қойылады.

15. Белгілерді біріздендіру:тырнақшалар – «»; даталардағы ғасырлар – рим цифрларымен, жылдар – араб. Сызықшаны (-) және ортаңғы сызықшаны (–) пайдалануды ажырату қажет. Соңғысысандық, хронологиялық шектерді және т.б. белгілеу кезінде көрсетіледі: с. 89–92, 179–185-бб.; 1878–1879 жж.; XV–XVI ғғ. (шыңдаусыз), немесеXV ғ. соны – XVIғ. басы (шыңдаумен); 7–8 км; М.–Л. және т.б.

16. Табуляция жасауға, сөздерді сиректетіп теруге, автоматы режимде орындалатын командаларды қолдануға, макростарды қолдануға, мәтінді шаблон түрінде сақтауға БОЛМАЙДЫ.

17. Файлдың атауы автордың тегімен аталады (мәтіндік файлдар үшін – Омаров_өтініш.doc, Омаров_мақала.doc; иллюстрациялар үшін – Омаров_сур1.jpeg).

Редакциялық алқа рәсімдеу талаптарына сәйкес келмейтін мақалаларды қабылдамауға құқылы (төмеңде үлгіні қараңыз).

  

МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУ ҮЛГІСІ

 

Абдулина А.Т., т.ғ.к.

Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты,

Этнология және антропология бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері

 

ТАРИХТАҒЫ ТҰЛҒА:

ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ 

 

Баяндама мәтіні, баяндама мәтіні, баяндама мәтіні

 

Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер тізімі:

1 Назарбаев Н.А. В потоке истории. – Алматы: Атамура, 1999. – 296 с.

2 Абусеитова М.Х. История Центральной Азии: концепции, методология и новые подходы // Материалы международной научно-теоретической конференции «К новым стандартам в развитии общественных наук в Центральной Азии». – Алматы: Дайк-Пресс, 2006. – С. 10–17.

3 Байтова А. Инновационно-технологическое развитие – ключевой фактор повышения конкурентоспособности // Казахстанская правда. – 2009. – № 269. – 28 июля.

 

 

Тіркеу нысаны20 қазанға дейін, баяндама (мақала) материалдары2021 жылғы 2 қарашадан кешіктірілмей қабылданады.

Баяндамаларды келесі мекен-жай бойынша жіберулеріңізді сұраймыз:

Қазақстан, 050010, Алматы қ., Шевченко к-сі, 28. ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Этнология және антропология бөлімі.

Е-mail:zharasov.adilkhan@mail.ru

ТЭИ байланыс телефондары:тел./факс 8 (727) 261-67-19; 8 (727) 261-65-57 (этнология және антропология бөлімі).

 

Байланысушы тұлғалар

(ғылыми-ұйымдастыру мәселелерді шешу үшін)

Смагулова Анар Мурзагалиевна – жоба үйлестірушісі, магистр

е-mail: anarsm75@gmail.com;тел.: +7 777 145 50 69

Жарасов Адилхан Асанханович – жоба қатысушысы, магистр.

е-mail: zharasov.adilkhan@mail.ru; тел..: +7 707 108 53 22

 

Қосымша

Тіркеу нысаны(қазақ немесе орыс тілінде)

ер.  □                             әйел.  □

1.              Ч

Тегі

2.             

Аты

3.             

Әкесінің аты

4.             

Ғылыми дәрежесі, қызметі

5.             

Мекеме (ғылыми мекеменің, ЖОО-ның және т.б. атауы, оның мекен-жайы)

6.             

E-mail

7.             

Телефон/факс (халықаралықбайланыскодымен)

8.             

Баяндаманың атау

9.             

Қажетті техникалық құралдар

10.          

Қонақүйбөлмесінброндауқажеттілігі(иә/жоқ)

 

Құрметпен, ұйымдастыру комитеті

«ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы Қазақстандағы жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселелері: отандықжәне халықаралық тәжірибе» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның ақпараттық хаты