Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«XX ғасырдың бірінші жартысындағы Түркістан саяси эмиграциясы» атты тақырып бойынша дөңгелек үстел өтті


2021 жылдың 21 қазанында сағат 14.30-да Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым Комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты «XX ғасырдың бірінші жартысындағы Түркістан саяси эмиграциясы» атты тақырып бойынша дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – Кеңестік тарих ғылымында зерттеушілердің назарынан тыс қалған немесе ресми идеология тыйым салған мәселелердің бірі түркі халықтарының большевиктердің отарлау саясатына қарсы ұлт-азаттық күресіне үлкен үлес қосқан Түркі эмигранттарының тарихын талдау. Бұл мәселенің тыңғылықты зерттелмеуі түркі эмигранттарына тағылған кеңеске қарсы қызметке қатысты айыптаулармен байланысты болды.

ЖТН 08855857 «Түркістан Ұлттық бірлестігі және оның екінші дүниежүзілік кезіндегі соғыс тұтқындары арасындағы қызметі» атты гранттық жобаның күнтізбелік жоспарына сәйкес өтетін дөңгелек үстелде төмендегідей тақырыптарда баяндамалар жасалды:

1. «Түркістан ұлттық бірлестігі: құрылу тарихы және қызметі» – Көкебаева Гүлжаухар Кәкенқызы, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жалпы тарих бөлімі мегерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, жоба жетекшісі;

2. «М. Шоқайдың эпистолярлық мұрасы – Түркістан саяси эмиграциясы қызметінің дерек көзі» –  Исахан Ғазиза Тұрмағаметқызы, Нұр-Сұлтан қаласы мемлекеттік архивінің ғылыми-зерттеу бөлімінің басшысы;

3. «Европадағы Түркістан эмиграциясы өкілдері 20-30 жылдардағы Қазақстандағы аштық пен босқыншылық  туралы» – Стамшалов Еркін Иманғазыұлы, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының phd-докторанты.