Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Мәскеу қаласынадағы ғылыми іс-сапардың қорытындысы


Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкерлері т.ғ.к. Ж.Ж. Жеңіс, А.Т. Қайпбаева, кіші ғылыми қызметкер А.С. Тылахметова 2021 жылдың 9-30 қазан аралығында «Шетелдік аудитория үшін Қазақстанның қысқаша тарихын әзірлеу» атты мемлекеттік тапсырма мен бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың ғылыми жобасын жүзеге асыру аясында Ресей Федерациясының Мәскеу қаласына (РФ) ғылыми іс-сапар жұмысын атқарды.

Ғылыми іс-сапардың мақсаты – Ресей  Федерациясы  Мәскеу қаласының архив қорларындағы Отан тарихына қатысты тың деректерді зерделеу, сараптау және құндылығына қарай толыққанды жинақтау болып табылады.

Мәскеу қаласында Ресей Федерациясының мемлекеттік архиві (РФМА), Ресей Мемлекеттік көне актілерінің архиві (РМКАА), Ресей мемлекеттік әскери-тарихи архивінде (РМӘТА) және Ресей мемлекеттік экономика архивінде (РМЭА) жұмыстар жасалды. Нәтижесінде Қазақстан тарихы мәселелеріне қатысты архив құжаттары анықталып, көшірмелері алынды.

Бұдан өзге, Ресей мемлекеттік кітапханасында да біршама жұмыстар атқарылып, осы мекеменің ғылыми жабық қорларындағы құнды еңбектердің көшірмелері жасалды.

Іс-сапар барысында ресейлік ғылыми мекемелермен әріптестік байланыс орнату аясында да ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, 200 жылдық тарихы бар РФ ҒА Шығыстану институты басшылары және ғалымдарымен, Халықаралық Мемориал жетекшілерімен, Ресей мемлекеттік педуниверситеттің тарих факультетімен кездесу шаралары өткізілді.

Кездесу барысында екі елдің ғылыми мекемесінің атқарып жатқан жұмыстары баяндалып, ортақ мәселелер талқыланды. Аталмыш ғылыми мекеме басшылығымен кадрлар даярлау, бірлескен ғылыми жобалар мен іс-шараларды өткізу жөнінде келісімдерге қол жеткізілді. Іс шаралар қорытындысында аталған мекемелердің ғылыми ізденістерінің нәтижелері болып табылатын ғылыми еңбектермен алмасып, ғылыми бағытта бірлесіп жұмыс жасауға, ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.