Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Академик М.Қ. Қозыбаев және отандық тарих ғылымының заманауи тұжырымдалуы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өтті


2021 жылдың 16 қарашасында ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты және Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы бірігіп, көрнекті тарихшы-ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, ҚР ҰҒА академигі, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері Манаш Қабашұлы Қозыбаевтың туғанына 90 жыл толуына орай «Академик М.Қ. Қозыбаев және отандық тарих ғылымының заманауи тұжырымдалуы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізді.

М. Қозыбаевтың мерейлі күніне ұйымдастырылған шара институт ғимаратындағы Тарихнама, деректану және заманауи методология кабинетіне академик М.Қ. Қозыбаевтың есімін беріп, оны салтанатты түрде ашу рәсімінен басталды. Мемориалды кабинеттің ашылуына институт қызметкерлері, еліміздің белгілі тарихшылары және БАҚ өкілдері қатысып, ҚР ҰҒА академигі Досмұхамед Кішібеков, т.ғ.д., профессор Сағымбай Қозыбаев, ф.ғ.д., ҚР ҰҒА корр.-мүшесі Ерден Қажыбек және т.ғ.д. Ильяс Қозыбаев кабинеттің ашылу лентасын қиып, құттықтау сөз сөйледі.

Іс-шараға онлайн және офлайн форматта алыс және жақын шетел ғалымдары Израильдан тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақ КСР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Маляр Иосиф Исерович, Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясы Тарих институтының бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Алимова Дилором Агзамовна, Түркиядан Мимар Синан атындағы Көркем өнер университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Абдіуақап Қара, Германияның Штутгарт қаласындағы Steinbeis университетінде дуальды білім беру жобасының жетекшісі, саяси ғылымдарының докторы, профессор Балапанова Әлия Саккоқызы, еліміздің белгілі ғалымдары ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д., профессор Көмеков Болат Ешмұхамбетұлы, жазушы-ақын, ҚР Парламенті Сенатының жанындағы сенаторлар кеңесінің мүшесі Оразалин Нұрлан Мырқасымұлы, Мемлекет тарихы институтының директоры, т.ғ.д., профессор Әбіл Еркін Аманжолұлы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарих факультетінің деканы Ноғайбаева Меңдігүл Сағатқызы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазіргі заманғы Қытайды зерттеу орталығының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Мұқаметханұлы Нәбижан, Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директоры Әдіқадырова Жәмилә Үсіпжанқызы, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі Әбжанов Ханкелді Махмұтұлы, ҚР ҰҒА корр.-мүшесі Әбусейітова Меруерт Қуатқызы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Тарих факультетінің деканы, т.ғ.д., профессор Садықов Тілеген Садықұлы, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің Басқарма төрағасы-Ректор кеңесшісі, т.ғ.д., профессорИбраеваАқмарал Ғұсманқызы, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты бас ғылыми қызметкері Алдажұманов Қайдар Сейсембайұлы, Қапаева Айжан Тоқановна, т.б. ғалымдар баяндама жасап, көрнекті тұлғаның әріптестері мен шәкірттері жүрекжарды естеліктерімен бөлісті.

Конференция барысында «Историк в меняющемся мире. Тарихшы және оның заманы»: Сборник документов и материалов / Сост.: И.М. Козыбаев, Ш.О. Тулеуова. – Алматы: Раритет, 2021. 480 с. атты кітабының тұсаукесері өтті.

Конференция жарыссөзінде М. Қозыбаевтың ғылыми мұрасын зерделеу және насихаттау бойынша айтылған ұсыныстар сараланып, қарар қабылданды.