Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Институт ғалымдары ҚР Орталық мемлекеттік архивінің 100 жылдық мерейтойына қатысты


2021 жылдың 19 қарашасында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті Орталық мемлекеттік архивінің құрылғанына 100 жыл толуына орай, Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында ҚР Орталық мемлекеттік архивінің 100 жылдық мерейтойы салтанатты түрде өтті.

Мерекелік іс-шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Р. Райымқұлова, ЖОО мен ғылыми ұйымдардың өкілдері, ардагерлер, қоғам және мемлекет қайраткерлері, сонымен қатар Институт атынан бір топ ғалымдары қатысты.

Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты еліміздің бас архивіне табыс, одан әрі өркендеуін және ұжымының үйлесімді жұмыс атқаруын тілейді!