Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Белгілі ғалым Талас Омарбеков дүниеден өтті


Белгілі тарихшы, ұлағатты ұстаз, қазақ ру-тайпаларының тарихы, Қазақстандағы тоталитарлық жүйе мен қуғын-сүргін саясаты, ашаршылық қасіреті тарихы мәселелерін зерттеуге қомақты үлес қосқан көрнекті ғалым, ҚР ҰҒА-ның құрметті академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Талас Омарбеков дүниеден өтті.

Омарбеков Талас Омарбекұлы 1948 жылдың 29 мамырында Жамбыл облысы Байзақ ауданы, Ақжар ауылында дүниеге келген.
Қазақ тарихының өзекті мәселелеріне арналған бірқатар монографиялық зерттеулердің, 200-ден астам ғылыми еңбектердің, 20 шақты оқулықтары мен оқу құралдарының авторы.
Оның ғылыми жетекшілігімен 34 кандидаттық, 7 докторлық және 3 PhD диссертациялар қорғалды.

Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ұжымы марқұмның отбасы мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.