Советский Казахстан: исторические уроки социальных и этнических конфликтов (1920-1991)


Руководитель проекта: Шілдебай С.

ИРН: AP09259347

Жоба тақырыбының атауы: «Кеңестік Қазақстан: әлеуметтік және этникалық қақтығыстар тарихының тағылымы (1920-1991 жж.)».

Өтінім берілетін ғылымды дамытудың басым бағытының атауы: Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер.

Өтінім берілетін мамандандырылған ғылыми бағыттың атауы, зерттеудің түрі: 7.2. Гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі, қолданбалы, пәнаралық зерттеулер: 7.2.6. Ұлы даланың Жеті қыры: мұра және қоғамның рухани жаңғыруының бастауы.

Жобаның басталатын және аяқталатын болжамды күні, оның айлармен көрсетілген ұзақтығы: 2021 ж. қаңтары – 2023 ж. желтоқсаны, 3 жыл (36 ай).

Кеңестік Қазақстанда жүргізілген әлеуметтік эксперименттер, адам құқығының бұзылуы, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі мен салт-дәстүрін ескермеген большевиктердің ұлт саясаты, Қазақстанға 1 207 мыңнан астам әртүрлі ұлт өкілдерінің күшпен жер аударылуы, тың және тыңайған жерлерді игеру барысындағы және т.б. бассыздықтар, биліктегі қасаң бюрократия мен жемқорлық – әлеуметтік және этникалық қақтығыстардың туындауына себеп болды. Мұндай қақтығыстар туралы ақпаратты кеңес билігі жасырғандықтан, әлі күнге дейін олардың тарихына арналған толыққанды зерттеу жоқ. Сондықтан, еліміздегі гуманитарлық, сондай-ақ тарих ғылымында да қақтығыстану (конфликтология) бағыты кенже қалып келеді. Ұлтаралық татулық пен қоғамдық келісімді сақтап, оны нығайтуға тырысқан тәуелсіз Қазақстан үшін әлеуметтік және этникалық қақтығыстардың тарихын зерттеу аса қажет.

Жоба мақсаты: Бүгінгі таңға дейін отандық және шетелдік тарихнамада қарастырылмаған, 1920-1991 жылдар аралығында Қазақстанда орын алған әлеуметтік және этникалық қақтығыстардың тарихын кешенді әрі жан-жақты зерттеу арқылы қақтығыстардың тууына әсер еткен алғышарттар мен себептерді айқындап, олардың алдын-алу және болдыртпау жолдарын анықтау, олардан тарихи тағылым алу болмақ.

Күтілетін нәтижелер:

– Web of Science базасының Social Science Citation Index немесе Arts and Humanities Citation Index және (немесе) Russian Science Citation Index индекстелетін және (немесе) Scopus базасындағы CiteScore бойынша 35 (отыз бес) процентильге ие рецензияланатын ғылыми басылымда кемінде 2 (екі) мақала немесе шолу; немесе Web of Science халықаралық деректер базасымен индекстелетін 1 (бірінші) немесе 2 (екінші) квартильге және (немесе) cite Score бойынша Scopus базасында кемінде 65 (алпыс бес) процентилі бар кіретін рецензияланатын ғылыми басылымдарда кемінде 2 (екі) шолу және (немесе) мақала; немесе Web of Science базасындағы Arts and Humanities Citation Index индекстелетін рецензияланатын ғылыми басылымдарда кемінде 2 (екі) мақала және (немесе) шолу жариялау көзделеді.

– БҒСҚК ұсынған рецензияланатын шетелдік және (немесе) отандық басылымда кемінде 6 (бір) мақала жариялау жоспарланады.

– Ғылыми жоба аясында «Кеңестік Қазақстан: әлеуметтік және этникалық қақтығыстар тарихының тағылымы (1920-1991 жж.)» атты 1 (бір) монография (20 баспа табақтан кем емес)

Зерттеу тобының әрбір мүшесіне қысқаша резюме

Шілдебай Сәбит Қамытбекұлы – тарих ғылымдарының кандидаты, ҚР Орталық мемлекеттік архивінің директоры, жоба жетекшісі.

Түйіндеме. Түркі халықтарының ұлт-азаттық қозғалысы, Кеңестік Қазақстанның мемлекеттік билік органдарының тарихы, тарихи тұлғатану, Кеңестік Қазақстанның қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани тарихының өзекті мәселелері, ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихына қатысты архив құжаттарын ғылыми айналымға енгізу. Қазақстан, Ресей, Өзбекстан архивтерінде ғылыми ізденіс жүргізген.

Ғылыми дайындама. 300-ден астам ғылыми және ғылыми-көпшілік мақаланың, 1 монографияның, 1 оқу құралының авторы; 3 ғылыми жинақтың құрастырушысы әрі редакторы; М.Әуезов атындағы сыйлықтың (2003 ж.), «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты (2010 ж.); «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерекелік медалімен (2020 ж.) марапатталған.

Жобаны іске асырудағы рөлі және орындайтын жұмыс сипаты. Жобаға жетекшілік жасау, зерттеудің теориялық-методологиялық негіздері мен құрылысын жасау. Қазақстан, Ресей архивтерінен құжат жинау, монография тарауын және шетелдік рецензияланатын ғылыми басылымға мақала жазуға қатысу, БҒСҚК ұсынған журналға 2 мақала шығару.

Алдажұманов Қайдар Сейсембайұлы – тарих ғылымдарының кандидаты, профессор, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы ТжЭИ, БҒҚ, орындаушы.

Түйіндеме. Ғылыми зерттеулері Қазақстанның ХХ ғасырдың бірінші жартысының тарихына арналған, оның ішінде шаруа көтерілістері, әлеуметтік және этностық қақтығыстар, ашаршылық тарихы, жаппай  саяси қуғын-сүргін, соғыс кезеңіндегі депортация тарихы. Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан архивтерінің қорларымен жұмыс жасаған.

Ғылыми дайындама. Жоба тақырыбына қатысты көптеген ғылыми еңбектері жарық көрген. Қазақстанның ХХ ғасырдағы тарихын зерттеуші белгілі ғалым. 400-ге жуық ғылыми және ғылыми-көпшілік жарияланымдардың, 5 монографияның авторы. ХХ ғ. Қазақстан тарихының өзекті мәселелері бойынша 20 ғылым кандидатын даярлаған. Мемлекеттік наградалары: «Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін медалі», «Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016), «Еңбек ардагері» (2017) медальдары. Қазақстан тарихшылары Ұлттық Конгрессінің мүшесі.

Жобаны іске асырудағы рөлі және орындайтын жұмыс сипаты. Жобаны зерттеудің теориялық-методологиялық негіздерін жасауға, монографияның ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы шаруа көтерілістері туралы тарауын жазу, БҒСҚК ұсынған журналға 1 мақала шығару.

Көкебаева Гүлжаухар Кәкенқызы – тарих ғылымдарының докторы, профессор, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы ТжЭИ «Дүниежүзі тарихы» бөлімінің меңгерушісі, БҒҚ, орындаушы.

Түйіндеме. Қазіргі заман тарихының өзекті мәселелері, Бірінші және екінші дүниежүзілік соғыс тұтқындарының мәселелері, Түркі халықтары саяси эмиграциясының Батыс Еуропадағы қызметі, ХХ ғасырдағы халықаралық қатынастар тарихы. Германия, Польша, Венгрия, Ресей мен Қазақстан архивтерінде ғылыми ізденіс жүргізу тәжірибесі бар.

Ғылыми дайындама. Соғыс тұтқындары тарихына қатысты ғылыми монографияның, 200-ден астам еңбектің авторы. Екінші дүниежүзілік соғыс тарихы бойынша сарапшы. Scopus базасына кіретін 13 мақаланың және Web of Science базасы бойынша 12 мақаланың авторы. Scopus базасындағы Хирш индексі – 1; WOS базасындағы Хирш индексі – 1. Профильге сілтеме: https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=56225608900 https://app.webofknowledge.com/author/record/3744687?lang=ru_RU

Жобаны іске асырудағы рөлі және орындайтын жұмыс сипаты. Жобаны зерттеудің теориялық-методологиялық негіздерін жасауға қатысу; монографияның шетелдік тарихнамасын жазу, шетелдік рецензияланатын ғылыми басылымға мақала даярлауға қатысу, БҒСҚК ұсынған журналға 1 мақала шығару.

Қоңыратбаев Ордалы Молдалыұлы – тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, М.Әуезов атындағы ОҚМУ Мұхтартану ғылыми-зерттеу орталығының ЖҒҚ, орындаушы.

Түйіндеме. Түркістан АКСР-інің тарихы, Түркі халықтарының ұлт-азаттық қозғалысы, тарихи тұлғатану, КСРО-дағы ұлт мәселесі, Кеңестік Қазақстанның қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық тарихының өзекті мәселелері. Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан архивтерінде ғылыми ізденіс жүргізген.

Ғылыми дайындама. 5 монографияның, 3 ғылыми жинақтың құрастырушысы әрі редакторы; 100-ден аса ғылыми еңбектің авторы.

Жобаны іске асырудағы рөлі және орындайтын жұмыс сипаты. Қазақстан, Ресей архивтерінен құжат жинау, монографияның Кеңестік Түркістандағы әлеуметтік және этникалық қақтығыстарға қатысты тарауын жазу, шетелдік рецензияланатын ғылыми басылымға мақала даярлауға қатысу, БҒСҚК ұсынған журналға 1 мақала шығару.

Стамшалов Еркин Имангазиевич – Ш.Ш. Уәлиханов атындағы ТжЭИ докторанты, КҒҚ, қосалқы персонал.

Түйіндеме. КСРО-дағы ұлт мәселесі, ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Жетісудағы шаруа көтерілістерінің тарихы.

Ғылыми дайындама. 10-ға жуық ғылыми мақаланың авторы.

Жобаны іске асырудағы рөлі және орындайтын жұмыс сипаты. Жоба тақырыбы бойынша Қазақстанның архивтері мен кітапханаларынан қажетті материалдарды іздестіру, жинау, оларды өңдеу мен теру.

Жүнісбаев Алмас Әбдіғаниұлы – PhD докторант, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы ТжЭИ, ҒҚ, орындаушы.

Түйіндеме. Тарихи тұлғатану, академиялық ғылым мен білім беру тарихы, ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы Түркістан мен Қазақстандағы денсаулық сақтау және медицина тарихы. Тың тарихи деректерді ғылыми айналымға енгізуде жетістіктері бар. Қазақстан, Өзбекстан, Ресей архивтерінде ғылыми-ізденіс жүргізген.

Ғылыми дайындама. 3 монографияның (2-і бірлескен авторлықта) 2 оқу құралының (бірлескен авторлықта), тарихи терминологиялық сөздіктің (бірлескен авторлықта), 150-ден астам ғылыми мақала мен баяндаманың авторы, бірнеше ғылыми жинақтың редакторы мен жауапты құрастырушысы, бірнеше тарихи-деректі фильмдердің ғылыми кеңесшісі мен сценарий авторы. М. Әуезов атындағы сыйлықтың лауреаты (2014), Ш.Ш. Уәлиханов атындағы ТжЭИ Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы (2015-2018), ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының жанындағы Ғылым жөніндегі кеңесінің (2015 жылдан осы күнге дейін), ҚР Президенті архивінің жанындағы Қоғамдық кеңес мүшесі (2016-2018). Аcademia.edu ресурсындағы профильге сілтеме: https://independent.academia.edu/AlmasJunisbaev

Жобаны іске асырудағы рөлі және орындайтын жұмыс сипаты. Қазақстан, Ресей архивтерінен құжат жинау, монография тарауын және шетелдік рецензияланатын ғылыми басылымға мақала жазуға қатысу, БҒСҚК ұсынған журналға 1 мақала шығару.

Қали Айнұр Нұрұмқызы – магистр, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы ТжЭИ, КҒҚ, қосалқы персонал.

Түйіндеме. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан тарихының, сондай-ақ, қазақ жазуын латын графикасына көшіру тарихының мәселелері.

Ғылыми дайындама. 20-ға жуық ғылыми мақала мен баяндама авторы.

Жобаны іске асырудағы рөлі және орындайтын жұмыс сипаты. Жобаның үйлестірушісі әрі ғылыми жетекшінің көмекшісі. Жобаның техникалық жұмыстарын атқару, аралық және жылдық есепті, конференцияны, дөңгелек үстелді және ғылыми-әдістемелік семинарды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу.

Қол жеткізілген нәтижелер ғылыми журналдарда жарияланған мақалаларда, ғылыми конференциялардағы баяндамаларда және ұжымдық монографиялардағы бөлімдер түріндегі шетелдік басылымдарда көрсетіледі:

2021 ж.

БҒССҚК ұсынған тізімге кіретін отандық немесе шетелдік ғылыми басылымдар:

  1. Алдажұманов Қ.С., Стамшалов Е.И. Қазақстандағы мемлекеттік астық пен ет дайындау саясаты және шаруалар көтерілістері (1928–1932 жж.) // Вестник Карагандинского университет. – Қарағанды, 2021 – №3(103)2021 – 7-18 б.
  2. Стамшалов Е.И. Жетісудағы астық дайындай науқаны және ұлтаралық қақтығыстар көріністері (1928-1932 жж.) // Отан тарихы. – 2021. – №3(95). – 100-110 б.

БАҚ-тағы жариялыным:

  1. Стамшалов Е.И. Жетісу шаруаларын ширықтырған не?// Заң қоғамдық-саяси, құқықтық газеті, №42 (3367) 28 мамыр 2021, 5-бет.
  2. Стамшалов Е.И. Шаруалар қарсыласуының жылнамасы // Spiker.kz ақпараттық-сараптамалық портал. 19.05.2021

https://spiker.kz/%d1%88%d0%b0%d1%80%d1%83%d0%b0%d0%bb%d0%b0%d1%80-%d2%9b%d0%b0%d1%80%d1%81%d1%8b%d0%bb%d0%b0%d1%81%d1%83%d1%8b%d0%bd%d1%8b%d2%a3-%d0%b6%d1%8b%d0%bb%d0%bd%d0%b0%d0%bc%d0%b0%d1%81%d1%8b/

kk