Қазақстандағы антропологиялық зерттеулердің негізін салушы ғалым Оразак Смағұловты және белгілі антрополог ғалым Айнагүл Смағұлованы марапаттау шарасы


ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты  2021 жылғы 22 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қазақстандағы антропологиялық зерттеулердің негізін салушы ғалым Оразак Смағұловты және белгілі антрополог ғалым Айнагүл Смағұлованы марапаттау бойынша салтанатты шара өткізеді.

Шара мақсаты – ҚР ҰҒА академигі, Болон ғылым академиясының корреспондент мүшесі, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Оразақ Смағұлов пен көрнекті антрополог ғалым Айнагүл Смағұловаға Үкіметаралық экономикалық ынтымақтастық ұйымының (ЭЫҰ, ағылш. ECO) және Халықаралық Түркі академиясының мерейтойлық медальдарымен марапаттау, сондай-ақ, қазақ халқының антропологиялық этногенезі мәселелерін зерттеуге қосқан үлестері жайында пікір алмасу.

Академик О.Смағұловтың көптеген еңбектерінде, монографияларында, мақалаларында көрініс тапқан этникалық краниология, серология, палеоантропология, соматология, одонтология, дерматоглифика саласындағы зерттеулері  ғылыми және мәдени қауым арасында үлкен сұранысқа ие екені белгілі.

Зерттелген краниологиялық сериялар, генетикалық маркерлер, соматологиялық, одонтологиялық, дерматоглифтік белгілер негізінде ғалым бес мыңжыл бойы мифологиялық мұра ретінде қола дәуірінің тайпаларының  антропологиялық құрамында 30% – ға сақталған қазақ халқы этногенезінің тарихи процесінің тұтастығын дәлелдеді.

  Қазақ халқы мен оның арғы бабаларының физикалық антропологиясы бойынша көпжылдық кешенді зерттеулерінің нәтижелері 10 монографиялық еңбекте және отандық және халықаралық ғылыми форумдарда 400-ден астам ғылыми мақалалар мен баяндамаларда ұсынылды.

О.Смағұлов ұзақ жылдар бойы Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология академиялық институтында еңбек етті. Соның негізінде Қазақстандағы алғашқы этникалық антропология зертханасын құрды. Мұндай зертханалар бүгінде Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде  (Нұр-Сұлтан қ.) және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде (Шымкент қ.) қызмет атқарады. Қазіргі кезде ғалым аталмыш зертханаларда ғылыми-зерттеу қызметін жалғастыруда.

Айнагүл Смағұлова 30 жылдан астам уақыт бойы өзінің ғылыми тәлімгері болған әкесімен бірге физикалық антропология саласында зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді.

30 жылдан астам уақыт бойы өзінің ғылыми тәлімгері болған әкесімен бірге физикалық антропология саласындағы зерттеулерді жүзеге асырған.

Форумға Қазақстанның түрлі өңірлерінен 40-қа жуық этнолог-ғалымдар, тарихшылар, археологтар офлайн режимде қатысса, көпшілік қауым онлайн режимінде қатысты.

Конференция модераторы – Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының президенті, академигі, химия ғылымдарының докторы, профессор Мұрат Жұрынұлы Жұрынов іс-шараны ҚР ҰҒА төралқасының атынан құттықтаумен ашты.

Содан кейін институт директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Зиябек Ермұханұлы Қабылдинов сөз алып, академиктің өмірбаянына және оның әлемдегі антропологиялық ғылымның дамуына қосқан үлесіне тоқталып, институт ұжымының атынан ғалымдарды жоғары наградаларымен құттықтады.

Одан әрі Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы Асқар Жеңісұлы Шоқыбаев академик О.Смағұловқа Үкіметаралық экономикалық ынтымақтастық ұйымының (ЭЫҰ, ағылш. ECO) мерейтойлық медальін ұсынды. Өз кезегінде Халықаралық Түркі академиясының вице-президенті, саясаттану ғылымдарының докторы Физули Маджидли Халықаралық Түркі академиясы атынан көрнекті антрополог Айнагүл Оразаққызын күміс медальмен марапаттады.

Іс-шарада М.Қ. Қойгелдиев, Ә.Т. Төлеубаев, С.Е. Әжіғали, А.У. Тоқтабай, Мұхтар Қожа, К.К. Закирьянов және басқа да ғалымдар сөз алып, ғалымдарға деген ыстық лебіздерін арнады.

Жиын соңында академик Оразақ Смағұлұлы пен Айнагүл Оразаққызы аталған ұйымдарға табыстаған марапаттары үшін, ҚР ҰҒА Президиумы және институт басшылығы мен  ұжымына көрсеткен ізет-құрметтері үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ, Халықаралық Түркі академиясының демеушілігімен үш тілде жарық көрген О. Смағұлов пен А. Смағұлованың «Қазақ халқы мен оның ата-бабаларының антропологиясы бойынша очерктер (цифрларда, иллюстрацияларда және тұлғаларда) (Нұр-сұлтан, 2021) атты жаңа кітабын таныстырды.

kk