«Қазақ халқының этногенезін зерттеудегі шежіре деректері мен рулық-тайпалық жүйесін талдаудың әдіснамалық принциптері» атты республикалық әдістемелік семинардың ақпараттық хаты


2022 жылдың 24 ақпан сағат 11.00-де Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология инсититуты «Қазақ халқының этногенезін зерттеудегі шежіре деректері мен рулық-тайпалық жүйесін талдаудың әдіснамалық принциптері» атты республикалық әдістемелік семинар өткізеді.

Семинар мақсаты – қазақ халқының шығу тегін зерттеудің дереккөзі ретінде ауызша тарих, оның ішінде шежіре мәліметтерін пайдаланудың ерекшеліктері мен әдіснамасын түсіндіру.

Қазақ халқының тарихын зерттеуде басқа да деректердің ішінде шежірелік мәліметтердің алатын орыны ерекше. Дегенмен, қазақ халқының қалыптасуы барысында түрлі саяси, әлеуметтік және рухани-мәдени себептерге байланысты өзгеріске түсіп отыратын мәліметтердің шынайылығы күмән тудыратыны да жасырын емес. Сондықтан да, шежіре деректерін археологиялық, жазба және басқа да деректермен салыстыра отырып пайдаланып, шежіре мәліметтерін талдап зерттеу елеулі нәтиже беретіні анық. Аталған мәселелер семинар шеңберінде қарастырылады, қатысып өз пікіріңізді қосуға шақырамыз.

Семинарға қатысуға шақырылады: тарихшылар, ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары, докторанттар, жас ғалымдар, БАҚ өкілдері.

Өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Шевченко көш., 28, Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты, Ақай Нүсіпбеков атындағы кабинет (205).

Семинардың ресми тілдері: қазақ және орыс тілдері.

Семинар уақыты: 2022 жылғы 24 ақпан, сағат 11-00.

Өткізілу түрі: офлайн және онлайн форматта.

Зум идентификаторы: 82153912608, коды: 177189.

 

Ұйымдастыру комитеті

kk