Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Студенттердің республикалық ғылыми байқауында екінші орын


Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының кіші ғылыми қызметкері Тылахметова Анар Советханқызы СҒЗЖ республикалық конкурсында (студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурсы) ІІ орын алды. Тылахметова А.С. ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбы «Абылай хан саясатының кейбір аспектілері». Автор зерттеу жұмысында Қазақстан мен Ресейдің бірқатар ірі мұрағат қоймаларынан (Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағаты және Омбы облысының Тарихи мұрағаты) жиналған бұрын белгісіз болып келген мұрағат құжаттары негізінде Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты мәселелерін зерттейді. Автор хан Абылайдың Ертістің оң жағалауын қорғауы, мал мен тұтқындағы қазақтарды қайтару мәселелеріне тоқталған. Сондай-ақ еңбекте Сібірдегі қазақтар мен орыс өкіметі арасында тату қарым-қатынас орнату, сауда-саттықты дамыту мәселелері туралы айтылады.

ҚР Білім және ғылым министрлігі А.С. Тылахметованы (ғылыми жетекшісі PhD Әбікей А.М.) ғылыми-зерттеу жұмысы үшін 2-ші дәрежелі дипломмен марапаттады.