Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Амстердам университетінің Еуропалық зерттеулер департаментінің доценті, доктор Альфрид Бустановтың ғылыми семинары


2022 ж. 22 ақпанда Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында ғылыми семинар өтті, баяндамашы ретінде Амстердам университетінің Еуропалық зерттеулер департаментінің доценті, PhD докторы Альфрид Бустанов болды. Ол исламтануды танымал етумен айналысады, Ресей мұсылмандарының жазбаша мұрасын жинау, сақтау және талдау мақсатында Ресей Федерациясы бойынша жыл сайынғы археографиялық экспедициялардың ұйымдастырушысы болып табылады, Жас зерттеушілер үшін «Ресейдегі Ислам» тұрақты жазғы мектебінің авторы болып табылады.

Ғалымның зерттеу қызығушылықтары посткеңестік кеңістіктегі ислам тарихын, атап айтқанда, жеке мұрағаттағы құжаттар призмасы арқылы мұсылмандардың субъективтілігін зерттеуді қамтиды. Баяндама Қазақстандағы кеңестік шығыстану тарихына, оның ұлт құрылысымен байланысына арналды. Онлайн семинарға 70-тен астам адам қатысты.