Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Еуропалық шығыстанушы, Венгр тектес саяхатшы Арминий Вамбери кітабының тұсаукесерін өткізу


2022 ж. 14 наурыз күні Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында еуропалық шығыстанушы, Венгр тектес саяхатшы Арминий Вамберидің (1832-1939) 1863-1864 жылдары Хиуа хандығына, Бұхара Әмірлігіне, Ауғанстанға, Иранға және т.б. сапарының жазбалары бойынша жазылған «Орта Азияға саяхат» («Путешествие по Средней Азии») кітабының тұсаукесері өтті. Көптеген шығыс этностарының, соның ішінде қазақтардың тарихы, этнографиясы, күнделікті өмірі туралы мәліметтер бар бұл іргелі еңбекті осы жылы Халықаралық Түркі академиясы қайта басып шығарды. Тұсаукесер рәсімінде Түркі академиясының президенті – ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, кітаптың бас редакторы Дархан Қыдырәлі құттықтау сөз сөйледі. Тамаша полиграфиялық ресімделген жаңа басылым қазіргі заманғы тарихшылар, этнологтар және барлық тарих сүйер қауым арасында сұранысқа ие болады.

Іс-шарада Д.Қыдырәлі ҚР Мемлекеттік Орталық музейін 20 жылдан астам уақыт басқарған белгілі этнолог-ғалым, т.ғ.к. Нұрсан Әлімбайды қазақ мәдениетін зерттеуге қосқан үлесі үшін халықаралық Түркі академиясы мен «Егемен Қазақстан» газетінің Алтын медалімен марапаттады. Іс-шараға Институт директоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, тарих ғылымдарының докторы З.Е. Қабылдинов, ғалым-тарихшылар, археологтар: т.ғ.д. А.Б. Қалыш, т.ғ.к. Т.Е. Қартаева, PhD доктор Р.С. Жұматаев, және институт қызметкерлері қатысты.