Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Қазақстан тарих ғылымының ардагері Қ.С. Алдажұмановқа «Академик Манаш Қозыбаев» мерейтойлық медалін табыстау туралы


2022 ж. 15 наурызда Институтта Манаш Қозыбаев ат. Солтүстік-Қазақстан университетінен ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихы бөлімінің бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Алдажұманов Қайдар Сейсембайұлына «Академик Манаш Қозыбаев» мерейтойлық медалін салтанатты түрде табыстауы өтті.

Қ.С. Алдажұманов С.М. Киров ат. Қазақ мемлекеттік университеті тарих факультетінің түлегі. 1968 ж. жас мамандарды бөлу бойынша Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институтына жіберілді (1991 ж. дейін Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих, археология және этнология институты), кіші, аға ғылыми қызметкер, 1990-1994 жж. аграрлық қатынастар тарихы бөлімінің меңгерушісі, 1994 жылдың желтоқсанынан 2008 жылдың шілдесіне дейін институт директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды.

Ғалым 1920-30 жж. ашаршылық, Қазақстандағы ұжымдастыру мен шаруалар көтерілісі, қоғамдық-саяси өмір мен саяси қуғын-сүргін, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы тарихы, еңбек армиясы мен қуғын-сүргінге ұшыраған халықтардың республикаға жер аударуы, кеңестік Қазақстандағы әлеуметтік және этникалық қақтығыстар тарихын зерттеумен айналысады. 400-ден астам ғылыми және ғылыми-көпшілік жарияланымдардың, оның ішінде «В труде и в бою» (1979, 240 б., бірлескен авторлықта), «Қазақстан еңбекшілері – майданда» (1985, қаз.тілінде, 320 б., бірлескен авторы Т. Балақаев), «Шығыс Сары-Арқа» (2004, қаз.тілінде, 703 б., бірлескен авторлар) және т.б. «Қазақстанға жер аударылған халықтар: уақыт пен тағдырлар» (1998, 420 б.), «Қазақстандағы 1931-1933 жылдардағы күштеп ұжымдастыру мен ашаршылық» (1998, 240 б.) тарихи-деректі жинақтар авторларының бірі. 5 томдық «Қазақстан тарихын» дайындау және басып шығару жөніндегі редакция алқасының мүшесі және жоба жетекшісінің орынбасары болды. 1991-1992 жж. Қазақстандағы ашаршылық пен қуғын-сүргін жағдайларын зерттеу жөніндегі ҚР парламенттік комиссиясының мүшесі болды, осы комиссия тұжырымы авторларының бірі.

Оның ғылыми жетекшілігімен саяси қуғын-сүргін, 30-жылдардағы ашаршылық және шаруалар көтерілісі, халықтардың жер аударылуы тарихының өзекті мәселелері бойынша кандидаттық диссертациялар қорғалды.

Ғылыми және ғылыми-ұйымдастырушылық қызметі үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен (1986), «Құрмет» орденімен (1998), «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» (2002) төсбелгісімен және т.б. марапатталған.

2021 ж. көрнекті тарихшы-ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақстан ҒА академигі, Ш.Ш. Уәлихановты ат. сыйлық пен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Манаш Қабашұлы Қозыбаевтың 90 жылдығын мерекелеуге байланысты Солтүстік Қазақстан университетінің басшылығы оның жақын серігі, профессор Алдажұманов Қайдар Сейсембайұлын «Академик Манаш Қозыбаев» мерейтойлық медалімен марапаттап, оның ғылыми мен педагогикалық қызмет саласындағы сіңірген еңбегін атап өтті. Институт директоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі З.Е. Қабылдинов Қайдар Сейсембайұлына медалін салтанатты түрде табыс етті. Биыл Институт ғалымның 80 жылдық мерейтойын атап өтеді.