«Сейітқали Меңдешев. Құжаттары мен материалдар жинағы» атты кітаптың тұсаукесерінің ақпараттық хаты


2022 жылдың 29 наурызында сағат 11:00-де ҚР БжҒМ Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен «Ғылым Ордасы», ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің «Орталық мемлекеттік архив» РММ бірлесе отырып көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, автономиялы Қазақ Республикасы Орталық Атқару Комитетінің тұңғыш төрағасы, Кеңес дәуіріндегі қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосқан бірегей тұлға, қазақ жерінің тұтастығын қалпына келтіру жолында және кеңестік билік органдарын жергіліктендіру жолында, 1921-1922 жылдардағы аштыққа қарсы күресті ұйымдастыруға, қазақ ағарту және ғылым салаларының негізін қалауға ерен еңбек сіңірген қайраткер Сейітқали Меңдешевтің 140 жылдық мерейтойын атап өту аясында «Сейітқали Меңдешев. Құжаттары мен материалдар жинағы» атты кітаптың тұсаукесерін офлайн және онлайн аралыс түрінде өткізеді.

Іс-шараның мақсаты – көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Сейітқали Меңдешевтің тарихи тұлғасы, оның қазақ халқына сіңірген қызметі арқылы тарихтың ақтаңдақ беттерін ашу, отандық тарихи тұлғатану ғылымына үлес қосу, өскелең ұрпақты отансүйгіштік пен адамгершілікке тәрбиелеу, Алаш қайраткерлерін еске алып, олардың мұрасын жастарымызға және бүкіл әлемге паш ету болып табылады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің № AP09561877 – «Сейітқали Меңдешев: өмірі, қызметі және тарихи мұрасы (1882-1938)» атты 12 айлық гранттық жобасын орындау барысында ҚР Орталық мемлекеттік архивінің директоры, тарих ғылымдарының кандидаты С.Қ. Шілдебайдың ғылыми жетекшілігімен құрастырылып, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Ғылыми кеңесінің шешімі бойынша баспаға ұсынылған жинақ С. Меңдешевтің 140 жылдық мерейтойына тамаша тарту болды десе де болады. Себебі, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының архивтерінен анықталған С. Меңдешевтің құжаттары мен сөйлеген сөздері, мерзімді басылым беттерінде жарық көрген мақалалары тұңғыш рет жиналып, ғылыми айналымға енгізілді.

М. Әуезов атындағы сыйлықтың (2003 ж.) және «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты (2010 ж.) Шілдебай Сәбит Қамытбекұлының ұзақ жылдарғы еңбегінің нәтижесі болған бұл жинаққа С. Меңдешевтің 22 фотосы енгізілсе, оның 10-нан астамы бұрын-соңды белгісіз болып келген тарихи фотолар болып табылады.

Кітаптың тұсаукесеріне тарихшы ғалымдар, студенттер, магистранттар, докторанттар және БАҚ өкілдері, C.Меңдешевтің туыстары мен жерлестері, сондай-ақ, осы тақырыпқа қызығушылық танытатын барлық азаматтар шақырылады.

Конференция тілдері: қазақ және орыс тілдері.

Іс-шараның жұмыс регламенті: 11.00-12.30.

Қатысу түрі: Офлайн және ZOOM платформасы арқылы онлайн-режимде.

Zoom арқылы конференцияға қосылу сілтемесі: https://us02web.zoom.us/j/83210667251?pwd=ZGVycmFSWHI3S1NsVEFqblU2OWZnUT09

Конференция идентификаторы: 832 1066 7251

Кіру коды: 591933

Анықтаманы және қосымша ақпаратты мына телефон бойынша алуға болады:

8 (727) 272-46-55 (Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихы бөлімі); +7 (707) 208-9243 (Whatsapp) – Тілеубаев Шәмек Баянұлы, директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары м.а.

Іс-шараның өтетін орны: 050100, Алматы қ., Шевченко к-сі, 28. «Ғылым ордасы» Орталық ғылыми кітапханасының конференц-залы (3-қабат).

Басталуы сағат 11:00.

Құрметпен, Ұйымдастыру комитеті

kk