Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетімен келісімшартқа қол қойылды


2022 жылы 18 наурызда Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институтының директоры З.Е. Қабылдинов Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Г.Д. Сүгірбаевамен ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойды.

Осы меморандумның басты мақсаты – ғылыми-зерттеу жұмыстарын бірлесіп ұйымдастыру және жүзеге асыру, сонымен қатар қоғамдық іс-шараларды (конференциялар, семинарлар және т.б.) бірлесіп жоспарлау және өткізу, ғылыми кадрларды даярлауды қамтамасыз ету.