Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Алтай мемлекеттік университетімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды


2022 ж. 18 наурызда Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институтының директоры З.Е. Қабылдинов «Алтай мемлекеттік университеті» Жоғары білім берудің федералдық мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесінің ректоры С.Н. Бочаровамен ақпараттық өзара әрекеттестік туралы келісімшартқа қол қойды.

  Осы ақпараттық келісімшарттың мақсаттары: «Үлкен Алтайдың түркі-моңғол әлемі: тарих пен қазіргі замандағы бірлік пен сан алуандық» жобасы шеңберінде бірлескен ғылыми-зерттеу қызметі (жоспарланып отырған зерттеулер немесе олардың нәтижелері, ғылыми және ғылыми-практикалық іс-шаралар және т.б.) туралы әріптестерді хабардар ету; серіктестердің ақпараттық құрылымдары арасындағы желілік өзара әрекеттестікті, БАҚ өкілдерімен байланысты дамыту; публицистикалық ақпаратты тарату, ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес ақпарат алмасу, сайтта ерікті түрде жариялау, ғылыми ақпарат алмасу.