Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 18.02.2013 ж. – 24.02.2013 ж.


20.02.13. «Жаңа заман дәуіріндегі Қазақстан тарихының кезеңделуі және методологияның өзекті мәселелері» тақырыбында Институттың кезекті методологиялық семинары болып өтті. Жаңа заман дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің БҒК, т.ғ.д., профессор В.З. Ғалиев баяндама жасады.

20.02.13. Егемен Қазақстан газетінің №71 (28010) санына Институт директоры Х.М. Әбжановтың К. Әбуевпен бірлесе жазған «Абылай: көне шындыққа жаңа көзқарас» тақырыбында мақаласы жарық көрді.

20.02.13. Халықтану және тарихи тұлғатану мәселелері бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.д. А.И. Құдайбергенова «Қазақстан» телеарнасының «Айтуға оңай» бағдарламасында «Малдың жайын баққан білер» тақырыбында сөз сөйледі.

21.02.13. Тарихнама, деректану және заманауи методология бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.д. Қ.Ш. Әлімғазинов on-line режимінде өткізілген «Әлемде жаңашыл экономиканың дамуы» конференциясында «Қазақстан 2050 стратегиясы» және отандық ғылымды коммерциализациялау тетіктері» тақырыбында баяндама жасады.

22.02.13. «Қазақстан стратегиясы – 2050» талқылау мақсатында «Нұр Отан» ХДП және Орталық мемлекеттік мұрағаты Алатау ауданы әкімшілігімен бірлесе отырып өткізген мерекелік іс-шарада Тарихнама, деректану және заманауи методология бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.д. Қ.Ш. Әлімғазинов «Әлеуметтік сала мен мәдениеттегі жаңашылдық» тақырыбында баяндама оқыды.

21.02.13. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бүгінгі күндегі Қытайды зерттеу орталығының ашылуына орай «Бүгінгі Қытай және оның Қазақстанмен қарым-қатынасы» тақырыбында Дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелге Этнология және антропология бөлімінің қызметкерлері т.ғ.д. А.У. Тоқтабай, т.ғ.к. Г.Ү. Орынбаева, А.К. Омарова және Б.А. Әшімовтар қатысты.

22.02.13. Институттың Белгілі ғалымдардың қатысуымен «Қазақ» газетінің 100-жылдығына орай Дөңгелек үстел өткізіліп, басылымның тарихи, ғылымындағы маңыздылығы жөнінде толымды пікірлер айтылды.