Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Ташкент қаласына ғылыми іссапар


Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ЖҒҚ т.ғ.к., профессор Г.К. Муканова мен КҒҚ З.Б. Байжуманова «Смағұл Сәдуақасұлының мемлекеттік, қоғамдық және ғылыми-педагогикалық қызметі» (жаңа архивтік және жазбаша деректер негізінде) жобасы аясында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін Ташкент қаласындағы (Өзбекстан Республикасы) кітапханалар мен мұражайларда жазбаша құжаттар мен материалдарды анықтау мақсатында 2022 жылдың 19 ақпанынан 11 наурызы аралығында іссапарға барып қайтты.

Іссапар барысында Әлішер Навои атындағы ӨР Ұлттық кітапханасында жұмыстар жүргізілді. Кітапхана директордың орынбасары Н.Н. Хайдаровамен кездесіп, онлайн конференциялар мен жарияланымдарды бірлесіп өткізу тұрғысында, ынтымақтастық перспективалары жөнінде т.б. мәселелер жайында ой бөлісті.Сонымен бірге, Ұлттық кітапхана қорларындағы жүйелі және электронды каталогтар зерттеліп, 1920-1930 жж. хронологиялық кезеңнің ашық қол жетімді баспа басылымдарымен жұмыстар атқарылды.

Аталмыш кітапхананың сирек қорындағы негізінен араб жазбасындағы «Жас қазақ» (1923-1924), «Шолпан» (1922-1923), «Жас қайрат» (1924) журналдары және «Ақ жол» 1920, «Еңбекшіл қазақ», 1923 , «Өртен» 1922, 1920 ж. аяғы мен 1930 ж. басындағы латын әліпбиіндегі «Қызыл Өзбекстан» газеттері қарастырылды. 1922 ж. «Өртен» газетінде С. Сәдуақасовтың және Ташкенттегі Алаш қайраткерлерінің сирек кездесетін жарияланымдары анықталды. «Өртен» газетіндегі Бейімбет Майлиннің (№ 1) «Өртен» өлеңі және С. Сәдуақасовтың «Өзгерістер һәм оқулар» (1922 ж. № 2) мақалалары кириллицаға аударылды. Газеттегі жастар көмегі туралы «Өртенге көмек» жазбасы анықталып, кириллицаға аударылды. 1926-1935 жж. «Правда Востока», «Туркестанская правда», «За партию», «Известия Туркестана», «Народное хозяйство Казахстана», «Советская Киргизия» және т.б. мерзімді басылымдардан Қазпедвуз және С. Садвокасовты қудалау туралы деректер мен қоса оның мақалалары, сонымен бірге замандастарының пікірлері табылды.

Жалпы, С. Сәдуақасовтың Казпедвуза ректоры болып жұмыс істеген кезіндегі қызметі бойынша Ташкент кезеңінің дереккөздері сыни тұрғыдан зерттелді.

Өзбекстан Мемлекеттік тарихи музейі мен қуғын-сүргін құрбандарын еске алу Мемлекеттік мұражайында Қазақ көшбасшыларының тарихы бойынша сирек кездесетін фотосуреттер анықталды.

Ғылыми-педагогикалық кітапханасында, сондай-ақ ӨР Ғылым Академиясының іргелі кітапханасында каталогтар зерттеліп, 1920-1930 жж. қуғын-сүргінге ұшыраған қазақ қайраткерлерінің жазбаша материалдары мен сирек кітаптары анықталды.

Өзбекстан Республикасы ҒА Шығыстану ҒЗИ қорларында каталогтармен жұмыс жүргізілді, жоба тақырыбы аясында ерте кеңестік кезеңнің сирек жарияланымдары анықталды. «Қозы-Көрпеш-Баян Сұлу», «Түркістан Шығыс институтының жинағы» (Ташкент, 1923), «Қазақстанның этнографиясы мен антропологиясы бойынша библиографияға арналған материалдар…» (Л., 1927) және т. б. кітаптардан скан-көшірмелер жасалды.

2022 жылдың 8 наурызында С. Сәдуақасовтың жерлесі, Алаштың қуғын-сүргінге ұшыраған қайраткері Ғалымжанов Файзулланың ұрпағы 85 жастағы Ғалымжанова Роза Файзуллақызымен кездесіп, отбасылық фотосуреттері мен құжаттарынан көшірмелер жасалынып алынды.