Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Жаңа Қазақстан және музей ісі, еліміздің тарихи-мәдени мұрасын күтіп сақтау, насихаттау, мәдениет саласындағы менеджментті өзектендіру мәселелері» атты дөңгелек үстел өткізілді


2022 жылдың 25 наурызында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты академик Қ.И.Сәтбаевтың мемориалдық музейімен, «Ғылым ордасымен» бірлесіп ҚР Мәдениет қайраткері, тарихшы-мәдениеттанушы, музейтанушы, ҚР мемлекеттік қызметінің үздігі Базарбай Еркебайұлы Алтаевтың туғанына 70 жыл толуына орай «Жаңа Қазақстан және музей ісі, еліміздің тарихи-мәдени мұрасын күтіп сақтау, насихаттау, мәдениет саласындағы менеджментті өзектендіру мәселелері»  атты дөңгелек үстел жұмысын өткізді. Шараға Оздоев Султан Мажитович, Әбусейітова Меруерт Қуатқызы, Сеитмуратова Элеонора Юсуповна, Мұхтар Қожа Бахадырұлы, Тоқтабай Ахмет Уалханұлы, Ли Камилла Витальевна, Сейдін Нұрлан Бақытжанұлы, Семби Марат Катаевич, Тұяқбаев Өмір Оразұлы, Назымбетова Гульжан Шайзатовна сияқты түрлі ғылым саласындағы мамандар – тарихшылар, ескерткіштанушылар, геологтар, республикалық және өңірлік музей мен музей-қорықтардың жетекшілері мен мамандары, мәдениет бойынша эксперттер, өнертанушылар және т.б. онлайн және оффлайн форматта қатысты. Сөз сөйлеушілер мерейтой иесі туралы, оның мәдениет саласына қосқан еңбегі туралы, жалпы осы саладағы өзекті мәселелер жайындағы ойларымен бөлісті.