ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ

Ш.Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Құрметті әріптестер!

2022 жылғы 12сәуірде сағат 11.00-де Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология инсититуты «Батыс әлеуметтік-мәдени антропологиясындағы этнографиялық зерттеулердің тәжірибелік принциптері» тақырыбында әдістемелік семинар өткізеді. 

Семинардың мақсаты –батыс елдерінде бір мезгілде әдіс, жанр және пән ретінде танылған, методологиясы, ғылыми ізденістер жүргізу тәсілдері, алынған мәліметтерді өңдеу және талдау, репрезентация тәсілдері, кәсіби этика және т.б. этнографияның ғылыми  қағидаларының ерекшеліктерін талқылау.

Қазақстан ғылымының маңызды міндеттерінің бірі оның әлемдік кеңістікке табысты кірігуі болып табылады.Батыста кең таралған эмпирикалық-теориялық ғылыми бағыт – әлеуметтік-мәдени антропология кеңестің кезеңде қалыптасқан және ТМД елдеріндегі этнология/этнографияның аналогы болып табылады және далалық зерттеу әдісіне сүйенеді.Батыстық мағынадағыэтнографияәлеуметтік зерттеулерде қолданылатын және қоғам түйткілдерін далалық әдістер көмегімен пайдалануды мақсат ететін, әртүрлі әлеуметтік топтар мен субмәдениеттерді зерттеуге бағытталған пән жәнеметодологиялықбағыт болып табылады.

Семинарда батыстық этнографияныңерекшеліктері, оның мазмұны мен сатылары, зерттеу әдістері мен принциптері, алынған мәліметтерді, нәтижелерді талдау тәсілдеріқарастырылады. Далалық зерттеулер жүргізудің қағидаларын меңгерудің маңызы ақпаратты алу тәсілінің ерекшеліктерін, сондай-ақ қазіргі уақытта оларды қоғамдық ғылымдарда қолданыс аясын кеңейтуде өте зор. Батыстық этнографияның жетістіктерімен танысу, оны тәжірибеде қолдану отандық ғылымның баюына, одан әрі дамуына септігін тигізеді, бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

Семинарға қатысуға этнология, тарих, әлеуметтік және мәдени антропология және басқа да қоғамдық және гуманитарлық пәндер саласындағы ғылыми қызметкерлер – мамандар, магистранттар мен докторанттар шақырылады.

Өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Шевченко көшесі, 28, Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, А.Нүсіпбеков атындағы кабинет (205).

Семинардың ресми тілдері: қазақ және орыс тілдері.                              

Семинар уақыты: 2022 жылғы 12 сәуір, сағат 11.00.

Өткізілу түрі: офлайн және онлайн форматта.

Зум идентификаторы:85357933794,коды:710756.

Ұйымдастыру комитеті

kk