Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты


«ЖАС ТАРИХШЫЛАР ЖӘНЕ ОТАНДЫҚ ТАРИХ ҒЫЛЫМЫНЫҢ БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ» АТТЫ ТАҚЫРЫПТА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

12 сәуір күні Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты және әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің тарих факультеті «Ғылым ордасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен бірлесе «ЖАС ТАРИХШЫЛАР ЖӘНЕ ОТАНДЫҚ ТАРИХ ҒЫЛЫМЫНЫҢ БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізді.

Ғылым күніне арналған шараға отандық тарих ғылымының өкілдері: Институттың ғылыми қызметкерлері, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенттері, магистранттары мен докторанттары қатысты.

Дөңгелек үстел жұмысының барысында Қазақстанның тарих ғылымының қазіргі жағдайы, даму болашағы, ондағы жас ғалымдарың рөлі талқыланды.

Бүгінгі таңда отандық тарих ғылымы ондаған жылдар бұрын қалыптасқан зор ғылыми әлеуетке және әлемнің жетекші тарих мектептері арасындағы зор беделге ие, Қазақстан қоғамында болып жатқан білім мен ғылымды жаңғырту үдерістеріне зор ықпалын тигізуде. Бұған отандық тарих, этнология, антропология саласындағы тарих ғылымының жетістіктері септігін тигізуде. Аталған бағыттар әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті.

Қазақстанның тарих ғылымы саласындағы іргелі зерттеулердің жоғары ғылыми деңгейі Институт ғалымдарының халықаралық ғылыми конгресстер мен конференцияларға белсенді қатысуымен және шет елдік ғылыми басылымдардағы жарияланымдарымен расталуда. Тәуелсіздік жылдары отандық тарих ғылымы пәнаралық байланыстардың жаңа сапалы деңгейіне қол жеткізді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты: Қазақстанның тарих ғылымын және отандық тарихшы ғалымдардың нәтижелерін өскелең ұрпақ арасында насихаттау,жас ғалымдарды тарту арқылы отандық тарих ғылымының әлеуетін арттыру.

Дөңгелек үстел жұмысы барысындаҚазақстан тарих ғылымының қазіргі жағдайы мен даму болашағы,сондай-ақ оның дамуындағы жас ғалымдардың рөлі кеңінен талқыланды.