Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«ҚАЗАҚСТАН ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДА: ТАРИХИ ЖАД ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ТАРИХНАМАЛЫҚМӘСЕЛЕЛЕР» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ


2022 жылдың 6 мамыры Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованың туғанына 100 жыл толуына орай «Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында: тарихи жад және қазіргі тарихнамалық мәселелер» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияның мақсаты – Қазақстанның Ұлы Отан соғысындағы рөлін, оның Жеңіске қосқан үлесін, қазақстандық әскери тұтқындардың тағдырын және оларды ақтау мәселелерін, соғыс туралы естеліктердің тарихи жадты қалыптастырудағы маңызын талқылау. Қазақстандықтардың соғыстағы және тылдағы ерлігін, оның ішінде әйелдердің ерлігін, сондай-ақ өткен тарихымыздағы ерлік дәстүрдің тарихи сабақтастығын насихаттау болды.

Конференцияның жұмысыкелесі бағыттарда өтті: «Соғыс және тарихи жад: қазақстандық ерекшеліктер»; «Қазақстанның майдан арсеналы ретіндегі рөлі»;  «Қазақстанның ұлттық әскери құрамаларының жасақталуы»; «Мәншүк Мәметова және қазақ әйелдерінің майдандағы және тылдағы ерліктері»; «Қазақстандықтар соғыс майданында»; «Отан тарихындағы ерлік дәстүр және тарихи сабақтастық»; «Еңбек армиясы: Қазақстанда құрылу ерекшеліктері»; «Қазақстандық әскери тұтқындарды ақтау мәселелері»; «Соғыс жылдарындағы Қазақстанның білім және ғылым мәселелері»; «Қазіргі тарихнамада Ұлы Отан соғысының зерттелуі».

Конференция жұмысы барысында келесі баяндамалар тындалды: Қ.С. Алдажумановтың «Соғыс және Қазақстанның еңбек әскері»; А.Т. Қапаеваның «Рассекреченные архивные документы ЦК КП(б) Казахстана о войне 1941-1945 гг.»; С.Г. Белоустың «Историческая память vs политика памяти: конструирование образов прошлого посредством устных свидетельств казахстанцев о войне»; С.А. Асанованың «Национальная политика советского государства в годы войны 1941-1945 гг.»; Г.А. Давлетованың «Из истории образования трудовых армий на территории Казахстана в годы Великой Отечественной войны»; Г.У. Орынбаеваның «Повседневная жизнь и быт советских солдат в годы Второй мировой войны»; Г.К. Дүйсенованың «Мәншүк Мәметова туралы бірер сөз»; К.А. Талжанованың «Отан үшін от кешкен (ардагер Айыш Жанұзақова туралы)»; Т.С. Тумабаеваның «Қазақтар Екінші дүниежүзілік соғыста: шетел архивтерінен құжаттар» атты Жинақтың ІІ-томы туралы»; А.А. Туймебекованың «Шындық – Бауыржанның болмысы»; Ж.И. Қасанбайдың «Искусство плаката как инструмент пропаганды в годы войны».