IFEAC 1993 жылы құрылды, Францияның Сыртқы Істер Министрлігінің әкімшілік қарамағында жұмыс істейді.

IFEAC-тың басты миссиясы-аймақта археология және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымның барлық пәндері (тарих, әлеуметтану, этнология, антропология, экономика, география және т.б.) бойынша жұмыс істейтін Франция мен Орталық Азия зерттеушілерін қолдау.

Тараптар ғылыми ақпаратпен алмасу және ғылыми зерттеулерді үйлестіру мақсатында өзара ынтымақтастықтың 8 бағытын, оның ішінде бірлескен ғылыми экспедициялар мен халықаралық деңгейдегі өзге де іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуді айқындады.