Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙДІҢ ТАРИХШЫ ҒАЛЫМДАРЫ ОРТАҚ ТАРИХИ ӨТКЕНДІ ТАЛҚЫЛАДЫ


2022 жылғы 15 маусымда Ч.Ч. Валиханов атындағы Тарих және этнология институтында Ресей Ғылым академиясы Сібір бөлімінің Тарих институтымен бірлескен ғылыми сессия өтті. Сессияда тарихи зерттеулердің басым бағыттары мен екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Ғылыми сессияның мақсаты – қазақ және орыс халықтарының ортақ тарихи өткенімен байланысты өзекті тарихи мәселелерді талқылау, сондай-ақ ғылыми жобаларды бірлесіп жүзеге асыру, конференциялар мен дөңгелек үстелдер өткізу, ғылыми тағылымдамалар ұйымдастыру сияқты салалардағы болашақтағы ғылыми ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін қарастыру.

Ғылыми сессияның баяндамалары келесі өзекті мәселелерді талқылауға бағытталды:

  • Қазақстан тарихын зерттеудегі инновациялық ғылыми бағыттар;
  • Көшпелі қоғам мен көшпелі мемлекеттіліктің тарихы;
  • Қазақстан мен Сібірдің ежелгі және ортағасырлар кезеңіндегі тарихи өткені;
  • ХХ ғасырдағы Сібір мен Қиыр Шығыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы;
  • 1930-жылдардағы жаппай аштықты сібірлік және қазақстандық ғалымдардың зерттеуі;
  • 1930-жылдардың басындағы Қазақстандағы саяси репрессиялар және қазақ босқындарының Батыс Сібірге қоныс аударуы;
  • Қазақстандық және новосібірлік тарихи ғылыми мектептер.

Пленарлық отырысты Институт директоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Зиябек Кабульдинов ашты. Ресей ғылым академиясының Сібір бөлімшесі Тарих институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы Вадим Рынков қатысушыларды өзінің басқарып отырған институтының құрылу тарихымен, қазіргі зерттеу бағыттарымен қысқаша таныстырып, «ХХ ғасырдағы Сібір мен Қиыр Шығыстың өнеркәсіптік және көліктік дамуы: негізгі зерттеу нәтижелері» тақырыбында баяндама жасады.

Ғылыми сессия барысында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкерлері келесі тақырыптарда баяндамалар жасады:

  • Тарих ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі Булат Көмеков «Қазақстанның ортағасырлар тарихындағы кейбір инновациялық ғылыми бағыттар»;
  • Тарих ғылымдарының докторы, профессор Мұрат Әбдіров «Қазақстан мен Сібір: қола дәуірінен кейінгі орта ғасырға дейінгі ортақ тарих беттері»;
  • Тарих ғылымдарының докторы, профессор Серік Әжіғали «Қазақ этнографиялық мектебі: бастаулары, қалыптасуы, дамуы»;
  • PhD докторы Махаббат Қозыбаева «1930-жылдардағы Қазақстандағы саяси репрессиялар және қазақ босқындарының Батыс Сібірге қоныс аударуы».

Ресей ғылым академиясы Сібір бөлімшесі Тарих институтының ғылыми қызметкерлері келесі ғылыми баяндамаларын ұсынды:

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Михаил Шиловский.

Тарих ғылымдарының докторы, Ғылыми кеңес төрағасы Владимир Ильиных «ХХ ғасырдағы Сібір мен Қазақстанның ауыл шаруашылығы: салыстырмалы талдау»;

Тарих ғылымдарының кандидаты Станислав Петров «Новосибирск археографтар мен деректанушылар ғылыми мектебінің тарихындағы маңызды кезеңдер»;

Тарих ғылымдарының кандидаты Андрей Савин «Кеңес ұлттық саясаты 1920-1930 жылдары: даулы мәселелер»;

Тарих ғылымдарының докторы Наталья Аблажей «Кеңестік репрессиялар және жер аударулар тарихы бойынша кәсіби пайдаланушылардың дербес мәліметтерге қол жеткізу мәселелері»;

Ғылыми сессияның қорытындысы бойынша Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен Ресей ғылым академиясы Сібір бөлімшесінің Тарих институтының тарихты зерттеудің басым бағыттары бойынша қабылданған қарары:

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен Ресей ғылым академиясының Сібір бөлімшесі Тарих институты бірлескен қызметтің нәтижелері туралы ақпаратты ұйымдардың сайттары мен БАҚ арқылы қоғамға жеткізеді.

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен Ресей ғылым академиясының Сібір бөлімшесі Тарих институты ғылым мен білім саласында бірлескен ғылыми-зерттеу жобалары мен бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру бойынша күш-жігерін біріктіреді.

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен Ресей ғылым академиясының Сібір бөлімшесі Тарих институты ғылыми ақпарат алмасу және ғылыми зерттеулерді үйлестіру мақсатында халықаралық деңгейдегі ғылыми экспедициялар, конференциялар, семинарлар және басқа да іс-шараларды ұйымдастыруды қолдайды.

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен Ресей ғылым академиясының Сібір бөлімшесі Тарих институты бірлескен ғылыми және ғылыми-көпшілік басылымдарын дайындау және жариялау, ғылыми журналдарда жарияланымдармен алмасу, сондай-ақ кітап алмасу бойынша ынтымақтастықты қолдайды.

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен Ресей ғылым академиясының Сібір бөлімшесі Тарих институты қазақстандық зерттеушілер үшін Ресейде, ал ресейлік зерттеушілер үшін Қазақстанда шығарылған журналдардағы жарияланымдарды ғылыми қызмет нәтижелері ретінде есепке алу мүмкіндігінің болмауына алаңдаушылық білдіреді. Рейтингтік журналдар базасы Қазақстан мен Ресейдің ғылыми басылымдарының мәртебесі мен беделін ескеруі қажет, бұл халықаралық ғылыми кооперацияны ынталандыруға мүмкіндік береді.

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен Ресей ғылым академиясының Сібір бөлімшесі Тарих институты тарихи зерттеулердің алдыңғы қатарлы әдістерімен, археография, этнология және басқа да салалардағы технологиялармен алмасу үшін бірлескен тренингтер мен семинарлар өткізуді жоспарлап отыр.

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен Ресей ғылым академиясының Сібір бөлімшесі Тарих институты жас зерттеушілердің тәжірибе алмасу бағдарламаларын, ғалымдар үшін біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыруды жоспарлайды.

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен Ресей ғылым академиясының Сібір бөлімшесі Тарих институты өз қалаларына командировкаға келген ғалымдардың ғылыми зерттеулер жүргізуіне қолдау көрсетіп, қажет болған жағдайда кітапханалар мен мұрағат қорларына қолжетімділікті қамтамасыз етуге, жергілікті ғылыми және мәдени қауымдастықтармен байланыс орнатуға жәрдемдесетін болады.