Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

З.Қинаятұлының “Демократия басталған алғашқы жылдар” атты тарихи-публицистикалық еңбегі


Қазақстан Республикасы, Білім және ғылым министрлігі Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы Зардыхан Қинаятұлының “Демократия басталған алғашқы жылдар” атты тарихи-публицистикалық еңбегі моңғол тілінде жарық көрді.
Автор Моңғолияда туып өсіп, моңғол тілінде білім алған, бірнеше монографиялардың авторы, медиевист, моңғолтанушы. Аталмыш еңбек 1990 жылдары Моңғолияда басталған демократиялық бетбұрыстың суымаған ізімен 1994 жылы жазылып 2009 жылы қайта өңдеуден өткен.
З.Қинаятұлы Моңғолияның белгілі үкімет және қоғам қайраткері, 1990 жылдары Моңғолияда кең етек алған демократиялық жастар қозғалысының идеологы, кеңесшісі бола жүріп талай саяси оқиғаларға куә болған азамат. Сол кездегі моңғол қоғамы және өз басынан кешірген өмір деректемелеріне сүйеніп шындықты ашық та, батыл айтқан бұл еңбек моңғол оқушыларының көңілінен шығады деп сенеміз.